Тайфа
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тайфа — (ис. taifa, араб.: طائفة, «таифа», көпше т. — араб.: طوائف, «тәуәиф») — бір кездері күшті Кордоба халифатын 1031 жылы зақымдап 1492 жылы Реконкистаның аяғына дейін созылған феодалдық бытыраңқылықтың жемісі болған мұсылман әмірліктерінің тарихи-географиялық атауы. Гранада әмірлігі (1013 - 1492 ж. 2 қаңтар) Еуропадағы соңғы араб тайфасы және Пиреней түбегіндегі соңғы ислам мемлекеті болды. Оны басып алған христиандар түбекті қайта жаулап алудың 8 ғасырлық үдерісін аяқтады. Гранаданың құлауы, Константинополдің құлауы сияқты, Еуропа тарихындағы маңызды кезең болды. Соған қарамастан исламдық кезеңдегі феодалдық бытыраңқылықтың салдары көптеген ғасырлар бойы Испания аймақтарының мәдениетінде, тілінде және дәстүрінде ізін қалдырды. Белгілі бір мағынада тайфа тәжірибесін испан отаршылдары Америкаға көшіріп, онда XIX—XX ғасырларда тіл бірлігі мен ортақ мәдениетке қарамастан жиі бір-бірімен жауласатын бірқатар тәуелсіз Латын Америкасы мемлекеттері құрылды.