![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/91/Quran-Mus%2527haf_Al_Tajweed.jpg/640px-Quran-Mus%2527haf_Al_Tajweed.jpg&w=640&q=50)
Таджуид
From Wikipedia, the free encyclopedia
Таджуид (араб.: تجويد) сөзі араб тілінде сөзді әдемілеу, ділмарлық деген мағынада қолданылады, жалпы мағынасы Құранды дауыстап оқу ережелері. Сөз түбірі ж-у-д үш әріптен құралған, мағынасы жақсырақ қылу.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/91/Quran-Mus%27haf_Al_Tajweed.jpg/640px-Quran-Mus%27haf_Al_Tajweed.jpg)
Тәджуид Ислам тарала бастаған алғашқы кезеңдерден бастап дамыған, ұрпақтан ұрпаққа сабақтастықпен жалғасқан дәстүрі бар, шебер оқушылар меңгерген орындаушылық өнер болып табылады. Оның қарапайым оқуын бастауыш мектептер мен медреселерде үйретеді. Ислам ғұламалары Тәджуидке арнал классикалық араб тілінің фонетикасын егжей-тегжейлі түсіндірген көптеген трактаттар жазған. Бұларда дауыс үндестігі, дыбыстардың өзара ықпалдастығы мен үйлесімі, сөз тіркесі мен оның мағыналық екпініне, дауысты сәл үзу мен созған кезде дейді дұрыс алу, т.б. білімдер мен тәсілдерге көп көңіл бөлінген. Осылардың көмегімен оқудың айшықтылығына, әуезділігіне қол жеткізді.[1]