Таврия ауданы — 1939-1997 жылдары болған Шығыс Қазақстан облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Таврическое ауылы.
Тарихы
Аудан | |
Таврия ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Енеді |
8 ауылдық округ |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Таратылған уақыты | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
16 227 адам (2009) |
Таврия ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 16 қазандағы Жарлығы Киров және Предгорный аудандарын бөлу арқылы құрылды. Орталығы Таврическое ауылы болып, мынадай ауылдық кеңестер енді: Украин, Үшбұлақ (Киров ауданының «Еңбек» ұжымшарынсыз), Бородин, Левобережный, Қызыл, Митрофанов, Пролетар, Таврия, Тройницк, Төлентай; Өскемен ауылдық кеңесі, «Өскемен» шошқа кеңшары[1].
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы жарлығымен ауылдық кеңестер: Қызыл және Левобережный - Левобережныйға, Митрофанов пен Төлентай — Төлентайға біріктірілді[2].
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Таврия ауылдық ауданы құрылды. Ауылдық кеңестері: Жаңаөскемен, Аблакет, Егінсу, Қанай, Крупский, Тайынты, Тарғын, Левобережный, Пролетар, Таврия, Төлеген Тоқтаров, Төлентай, Тройницк, Украин, Өскемен[3].
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен ауылдық және өндірістік аудандарға бөлу жойылды[4].
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1973 жылғы 28 наурыздағы шешімімен Саратов ауылдық кеңесі құрылды[5].
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1974 жылғы 10 шілдедегі шешімімен Левобережный ауылдық кеңесі Азов болып өзгертілді[6].
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1974 жылғы 26 шілдедегі Жарлығымен Тройницк ауылдық кеңесі Гагарин болып өзгертілді[7].
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1976 жылғы 22 наурыздағы жарлығымен Жаңаөскемен ауылдық кеңесі Меновнов болып өзгертілді[8].
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен аудан таратылды, оның аумағы Ұлан ауданына өтті[9].
Әкімшілік бөлінісі
1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 9 ауылдық кеңес пен 38 елді мекен болған:[10]
Ауылдық кеңес | Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|
Азов ауылдық кеңесі | Новоазовское ауылы | Азовское, Бетқұдық, Қайыңды, Новоазовское |
Багратионов ауылдық кеңесі | Привольное ауылы | Митрофановка, Привольное |
Гагарин ауылдық кеңесі | Гагарино ауылы | Гагарино, Южное |
Каменка ауылдық кеңесі | Каменка ауылы | Каменка, Степное, Тройницкое |
Меновный ауылдық кеңесі | Меновное ауылы | Акимовка, Ахмирово, Басово-Водное, Водное, Левый Берег, Меновное, Новоахмирово, Новотроицк, Новоявленка, Подгорное, Самсоновка |
Өскемен ауылдық кеңесі | Восточное ауылы | Восточное, Донское, Макеевка, Мирное |
Саратов ауылдық кеңесі | Саратовка ауылы | Новоодесское, Отрадное, Саратовка |
Таврия ауылдық кеңесі | Таврическое ауылы | Ақтөбе, Пролетарка, Таврическое |
Төлеген Тоқтаров ауылдық кеңесі | Герасимовка ауылы | Аршалы, Герасимовка, Казачье, Родовка, Тасөткел, Украинка |
Халқы
1959 | 1970 | 1979 | 1989[11] |
---|---|---|---|
19520 | ▲26612 | ▲27968 | ▲29121 |
Сілтеме
Дереккөздер
- Государственный архив Восточно-Казахстанской области (ГАВКО), ф. 752, оп.2, д. 147, л. 1
- Центральный государственный архив (ЦГА) РК, ф. 1109, оп. 5, д. 511,л. 105
- Ведомости Верховного Совета СССР, 1963, №12, с. 272
- Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1965 г.
- Ведомости Верховного Совета СССР, 1963 г., № 12, с. 272
- Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1974 г., №36
- Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1974г., № 18, с..38
- Ведомости Верховного Совета Казахской ССР, 1976 г., № 13, с.19
- Газета «Казахстанская правда», 24 мая 1997, №121
- Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.