Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев (3 наурыз, 1966 жыл, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы) — Атырау қаласы әкімі (2006-2009).
- 1991 жылы Алматы Халық шаруашылағы институтын оқып бітірген, мамандығы — экономист.
- 1983 ж. Атырау облысы Мақат ауданында линиялық жолаушылар басқарамасында компрессорлық технологиялар машинисті болып жұмыс бастаған.
- Кеңес Армиясында қызметін өтегесін бұрынғы лауазымында төрт жылдан астам істеген.
- 1989—1992 жж. Мақат аудандық атқару комитетінің экономика комитетінің маманы, аға экономисті болып қызмет еткен.
- 1992—2000 жж. — "Мақсат" шағын өнеркәсібінің төрағасы.
- Атырау облысы Мақат ауданы әкімнің орынбасары — экономика комитетінің төрағасы.
- 2000—2003 жж. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі.
- 2003 ж. наурызынан — Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы.
- 2005 ж. қаңтарынан — Атырау облысы Жылыой ауданы әкімі.
- 2006 ж. ақпан айынан — Атырау облысы әкімінің орынбасары.
- 2006 ж. қазаны - 2009 ж. желтоқсаны аралығында — Атырау қаласы әкімі.
- 2009 желтоқсаны - 2010 жылдың 17 маусымы - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
- 2010 жылғы маусымы - 2012 жылдың наурызы аралыығында - «Аджип ККО» компаниясының жергілікті органдармен байланыс жөніндегі менеджері.
- 2012 жылдың наурызы - қыркүйегі аралығында жазықсыз қудаланып, Жоғарғы Сотпен ақталды. [1]
- 2013 жылғы 19 ақпаннан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
- «Құрмет» ордені
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001).[2]