From Wikipedia, the free encyclopedia
Сұрыптау (ағылш. selection; ағылш. sorting)
Сұрыптау терминінің біріне-бірі жақын екі мағынасы бар:
Әлемдегі әр түрлі елдерде көптеген ұрпак сұрыптаушылардың еңбегінің арқасында адамзат үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл өсімдіктердің өнімділігі өзінің жабайы ата тектерінен және болып өткен сұрыптау жұмысының нәтижесінен ондаған және жүздеген есе асып түсті.
Үндістан аумағына астық тұқымдастардың (күріш, бидай) осындай іріктемелерін пайдалану арқасында ашаршылық проблемасын шешуге мүмкіндік болды. Адамзаттың едәуір бөлігінің (30%-ға жуық) күні бүгінге дейін аузы асқа жарымайтынын, яғни қоректенудің ағза физиологиялық талабына сәйкес келмейтінін естен шығаруға болмайды. Осыған байланысты селекционерлердің бірінші кезектегі міндеті - қоршаған ортаға зиян келтірмей, қосымша шығынсыз аштық проблемасын шеше алатындай жоғары өнімді өсімдік іріктемелері мен жануарлар қлтұқымын шығару.
Адамзат онсыз да агроценоздың (ауыл шаруашылық жер) және техногендік ландшафтың (қала, жол, шахта, кәсіптік нысандар) орасан үлкен аумағын жайлап алды. Табиғи ресурстарды игеру осы қарқынмен жүзеге асырыла берсе, адамзат экологиялық тепе-теңдікті түбегейлі бұзылып, табиғи ресурстар азып-тозады.
Жоғары өнімді ұсақ ағзалар себінділерін шығару фармакологияда пайдаланылады. Мәселен, сусамырды емдеу кезінде пайдаланылатын инсулиннің барлығы осылай өндіріледі. Пенициллиндік қатардың антибиотиктері - зең саңырауқұлақтар себенді әрекетінің нәтижесі.
Адамзат алдында гендік инженерия мүлде қиял-ғажайыпты болашаққа жол ашты. Қолдан сұрыптау - сұрыптаудың негізгі әдісі. Сұрыптаудың негізгі әдісі қолдан сұрыптау болды және бола береді. Адам әрқашан сапасы және қасиеттері жақсы жануарлар мен өсімдіктерді өсіруге қалдыруды ұнатты. Сұрыптау әдісіне іріктеу, будандастыру, мутагенез жатады. Алайда бұл үдеріс ұзақ уақыт ойланбай, ешқандай әдіс қолданбай жүргізіліп келді. Рас, адамдар арғы көне дәуірде тірі ағзалардың өте жақсыларын іріктеп алып, олардың арасында бұдан жүргізуге талпыныс жасады. Мұндай айла-амал қалаған нәтижеге жеткізе бермеді. Өсімдіктерді сұрыптауда жалпылама сұрыптау басым болды. Анығырак айтқанда, жақсы тұқымдардың барлығы егістік далаға бірге егілді де, олардың ұрпақтарынан ең жақсылары қайтадан іріктеп алынды. Алайда ата-ене жұбының әрқайсысынан алынған ұрпақтардың әрқайсысы бақыланбады. Көбінесе теріс іріктеу пайдаланылды. Мысалы, әлсіз, онша сапалы емес тұяқты жануарларды етке жұмсап, астық тұқымдастардың ең ұсақ тұқымдарынан ұн тартты. Алайда бұл әдістің тиімділігі болмады.
Алға жылжудағы ең үлкен қадам сұрыптау әдісіне тұқымдық аталық іріктеу әдісі қосылғанда жасалды. Ұрпақ бойынша ата-енелердің тұқымдық сапасына талдау жасау әдісін XIX ғасырдағы француз селекционерлерінің Вильморен әулеті зерттеп тексерді.
Вильморен өулеті - тұқым қуалаған селекционерлер. Сұрыптау негізін калаған - Филипп Виктуар (1746-1804), оның немересі - Луи (1816-1860), шөбересі - Анри (1843-1899). «Вильморен - Арние» фирмасы Францияда мәдени өсімдіктердің 450-ден астам іріктемелерін өсіруге жол ашты.
Бұл әдіс жеке шағылыстыруға және пайдалы сапалардың ұрпақтарға берілуін бакылауға негізделген. Қолдан іріктеудің бұл түрі дара сұрыптау деп аталады. Сөйтіп, қандай болса да өсімдіктер немесе жануарлар данасының қаншалықты құнды екенін анықтауға мүмкіндік туды. Дарақ тек пайдалы сапасымен ғана емес, сондай-ақ сапа-ны ұрпағына беретін осы сапаны тасып жеткізуші ретінде де (бұл маңыздырақ) бағаланады. Көбінесе ең жақсы (элитті) ата-енелер төмен сапалы ұрпақ береді ғой. Бұған келесі ұрпақтарында пайда болатын зиянды басылыңкы гендер емес, өзге де себептері болуы мүмкін. Ұрпақ бойынша тұқымндық ата-енелерді іріктеу әдісі енгеннен соң қалай болғанда да қолдан сұрыптау үдерісінің барлығы мақсатқа бағытталған, әдістік сипатта жүргізіледі және әлдеқайда нәтижелі бола бастады. Сөйтіп жалпылама сұрыптау сұрыптаудың тиімдірек әдісі дара сұрыптауға орын берді.[2]
Сұрыптау өсімдіктер селекциясының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Сұрыптау әдістері өсімдіктің белгілі бір түрінің көбею формасына байланысты. Сұрыптау – жаппай және жеке болып екі негізгі формаға бөлінеді.
Жаппай сұрыптау дегеніміз бастапқы материалдан селекционер үшін тиімді белгілері бар особьтар топтарын бөліп алу. Жаппай сұрыптау айқас тозаңданатын өсімдіктерге жиі қолданылады. Қарабидайдың көп тараған (мысалы Вятка сорты) сорттары осы жолмен шығарылған. Жаппай сұрыптау арқылы біртекті генотиптік материал бөліп алуға болмайды, өйткені айқас тозаңданатын өсімдіктер популяцияларында әрқашан да көптеген гетерозиготалық особьтар болады. Жалпы сұрыптау әдетте келесі бірқатар ұрпақта әлденеше рет, кейде бір рет қолданылады.
Жеке сұрыптау адамдардың назарын аударатын белгілері бар және олардан ұрпақ алуға болатын жекелеген особьтарды бөліп алуға негізделеді. Ол да бір реттік немесе қайталанбалы бола алады. Бұл әдіс өздігінен тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы) өсімдіктерге қолдануға қолайлы. Өздігінен тозаңданатын бір особьтың ұрпағын таза линия деп атайды. Жеке сұрыптау өздігінен тозаңдану арқасында гомозиготалық формалардан тұратын таза линия бөліп алуға әкеп соғады. (Гетерозиготалар санының кеміп, гомозиготалар санының артуына әкеп соғатфн моногибридтік шағылыстыруды естеріңе түсіріңдер). Жеке сұрыптаудың нәтижесінде бір немесе бірнеше гомозиготалық таза линия болып табылатын сорттар алынады. Алайда таза линия ішінде де мутация болып гетерозиготалы особьтар кездеседі. Вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктер сорттарында шаруашылыққа пайдалы блгілері бар кез-келген гетерозиготалы форманы сақтап, көбейтуге болады. Жынысты жолмен көбейгенде гетерозиготалы особьтардан тұратын сорттардың қасиеттері сақталмайды және олар ажырай бастайды.
Бастапқы материал неғұрлым алуан түрлі болса, сұрыптау да соғұрлым тиімді болмақ. Гибридтендіру, әр түрлі географиялық аймақтан шыққан өсімдіктерді пайдалану, әр түрлі сыртқы факторлармен әсер ету арқылы мутациялық өзгергіштікті жоғарылату селекцияға арналған материалдың алуан түрлілігін арттыруға себепші болады. Сұрыптаумен ұштастыра жүргізілген будандастыру – селекция жұмысының тиімді жолдарының бірі. Бастапқы материалдың тұқым қуалайтын алуан түрлілігі аз болса, сұрыптаудың тиімділігі де шамалы болмақ. Гендердің көбі гомозиготалы болып келетін таза линияларды сұрыптаудан іс жүзінде ешбір нәтиже шықпайды. Бұл жағдайда мутация ғана тұқым қуалайтын өзгерістің көзі болуы мүмкін. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде сұрыптау әдетте тұқым қуалайтын құрамы әртекті бастапқы популяциядан таза линия бөлініп алынғанға дейін ғана тиімді болады. Бара – бара оның әсері жойылады. Линия қасиеттерін өзгерту үшін гибридтендіреді, ол комбинациялық өзгергіштікке әкеп тірейді. Бұдан сорт генотиптерінің құрамы әртекті болып, сұрыптау қаййтадан тиімді болып шығады.
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізінде жүргізілетін қолдан сұрыптау сорт пен тұқымды өзгертудің басты жолы болып табылады. Бірақ табиғи сұрыпталудың да сортқа әсер ететінін естен шығармау керек. Мәдени өсімдіктерді (егісті жерлерде, тәлімбақта, т.б.) өсіргенде оларға көптеген сыртқы факторлар: температура, ылғалдылық, жарық және басқалар комплексі әсер етеді. Демек, табиғи сұрыпталу қолдан сұрыпталумен қатар жүріп отырады да, өсімдіктердің орта жағдайына бейімделушілігін арттырады.Жаңадан шығарылған сорт қашан да қатарынан әсер ететін екі фактордың, яғни адам еңбегі мен табиғи сұрыпталудың нәтижесі болып табылады.
Сипаттамалар:
Сипаттамалар:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.