Сырға

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сырға

Сырға – сән үшін тағылатын зергерлік бұйым. Сырға тағу бүкіл дүние жүзі халықтарына тән әдет. Сырғаны көбіне әйелдер құлаққа тағады, кейбір елдерде мұрынға тағу да (Үндістан мен Африкада) кездеседі. Сырға неолит заманында сүйектен, мүйізден, қола дәуірінде металдан жасалған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырдан бастап алтын, күмістен асыл тас орнатылып жасалған сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастаған.
Дәстүрлі қазақ ортада сырғаның шығыршық сырға, шарбақ сырға, ай сырға, сояу сырға, қоңырау сырға, иықты сырға, күмбезді сырға, төбе сырға, салпыншақ сырға, жалпақ сырға сияқты және тағы басқа түрлері болды.[1]

Ежелгі сырғалар

Thumb
Сырға түрлері. ҚР ҰМ-ның көрме залынан.

Сырғалар басында әйелдердің емес, ер адамдардың бұйымы болатын. Қазірдің өзінде 7 мың жыл бұрын табылған сырғалар еркектер таққан. Сырғаны Ежелгі Римде құлдар тағатын болған. Бай гректар (әйелдер) меруерті бар сырғаларды қуана таққан, себебі бұл олардың молшылықтарын көрсетіп тұрған. Мысырдағы молаларды зерттеген кезде, зергерлік бұйымдардан алтын сырғалар ең көп табылатын болған.

Орта ғасыр

Орта ғасырдағы Еуропада сырға таққан ерлер не сәнді болған, не қуғынға ұшыраған. Мысалы, XIII католик шіркеуі денені өзгертуге тыйым салған болатын. Ол кезде шіркеудің ықпалы көп боатын. Сондықтан көбісі сырға тағуды қойды. Ал қарақшылар, ұрылар мен цыгандар сырғаны шешуге асықпады. Барлығының белгілі бір себептері болатын. Цыгандар ер балаға сырға тағатын егерде оның алдында бір бала мерт болса немесе ол үйіндегі жалғыз бала болса. Ұрылар сырғамен шіркеуден қорықпайтындықтарын дәлелдеп тұрған. Қарақшыларда сырға олар жаулап алған кеменің белгісі болатын.

Қазіргі уақытта

Қазіргі заманда сырғалар түрі бойынша ерекшеленбейді және әйелдерге де, ерлерге де сырға киюге мүмкіндік береді. Сондай-ақ асыл тастары бар алтын сырғалар сән әлемінде өз орнын жоғалтпайды: цитрин қолданылған сырғалар, хризолит қолданылған сырғалар, гауһар тастар қолданылған сырғалар.

Сырға түрлері

  • Пішініне қарай: айшық, айсырға, жапырақ сырға, собық сырға, жұлдыз сырға және т.б. түрлері кездеседі.
  • Материалына қарай: алтын сырға, күміс сырға, зер сырға, сонақ сырға, жез сырға.
  • Әшекейлену технологиясына қарай: маржан сырға, меруерт сырға, лағыл сырға, қырықбуынды сырға, қозалы сырға, қоңырау сырға, күмбез сырға, сіркелі сырға, үзбелі сырға т.б.[2]

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 299-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.