Сыртқы істер министрі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сыртқы істер министрі — министр дәрежесі бар мемлекеттің сыртқы саясат ведомствосын басқаратын лауазымды тұлға. Ол үкімет мүшесі (министрлер кабинеті, министрлер кеңесі, т.б.). Үкіметтегі ең маңызды лауазымдардың бірі. Кейде кабинетте екінші адам.
Дәстүр бойынша лауазым келесідей аталады - Сыртқы істер министрі. Алайда, ерекше жағдайлар бар: Америка Құрама Штаттарында бұл лауазым мемлекеттік хатшы деп аталады. Ұлыбританияда ол Сыртқы істер және Достастық істері жөніндегі мемлекеттік хатшы. Кейбір елдерде: сыртқы қарым-қатынастар министрі, сыртқы байланыстар министрі, халықаралық істер министрі, сыртқы істер және сауда министрі, сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшы және т.б. Латын Америкасының көптеген елдерінде сыртқы істер министрі canciller деп аталады (яғни канцлер).