Сыра
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сыра — арпа, су және құлмақ (хмель) араластырыла ашылатын, күші аз, шөл қандыратын ішімдік түрі. Оның құрамында 4—10%-ға дейін тез сіңетін тағамдық заттар, 0,3—0,4% көмірқышқыл газы мен органикалық қышқылдар, құлмақтың ащы қалдықтары, сондай-ақ 1,8—6% шамасында алкоголь болады. Сыра дайындауда арпаны тазалайды, жуады, суға салып жібітіп қабығынан ажыратады. Осы дәндерді көктетіп ары қарай ыстық бумен кептіріп диірменге тартады да, суға араластырады. Суда біраз ұсталған соң ол қою массаға айналады. Оны сүзіп, үстіне құлмақ салып қайнатады. Осыдан соң массаны қайта сүзіп суытады. Осы масса ашыту аппаратында 5—90°С температурада 7—8 тәул сақталады. Одан соң ары қарай ашыту және дәмі жетілу үшін 0—20°С температурада арнаулы ыдыста сақталады. Сыраның толық ашу уақыты 21—90 тәул.[1]