From Wikipedia, the free encyclopedia
Сынтасты, Желқуар – Тобыл алабындағы өзен. Ұзындығы – 152 км. Су жиналатын алабы 5100 км2
Сынтасты өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 152 км |
Су алабының ауданы |
5100 км² |
Су алабы | Тобыл алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Ресейдің Челябі облысы |
Сағасы | Тобыл өзені |
• Координаттары | 52°16′13″ с. е. 61°33′49″ ш. б.52.27028° с. е. 61.56361° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Үлгі:КZ Ресей |
Аймақ | Ресей, Қазақстан |
Ресейдің Челябі облысындағы 3 кішкене жылғадан басталып, Қостанай облысы, Жітіқара ауданында Шекубай ауылының тұсында Желқуар деген атпен Тобыл өзеніне құяды.
Аңғары 3-5 км , жайылмасы 250-300 метр, арнасының ені 15-40, кей жерінде 120-200 метр. Жауын-шашын, ішінара ыза суымен толығады. Төменгі ағысында ыза суы көп қосылатындықтан жаздың ыстық айларында да су ағыны тоқталмайды. Суы тұщы, ауыз суға, мал, бау-бақша суаруға пайдаланылады. Өзенге 7,86 млн.м3 су сиятын Желқуар бөгені салынған.[1]
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Ертіс су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі - Тобыл өзені бастауынан Увелька өзенін қоспағанда, Үй өзенінің құйылысына дейін. Өзен саласы — Тобыл, өзен алабы — Ертіс[2].
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын су шаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша[2]:
14010500212111200000195
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.