Сылдыршөп
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сылдыршөп (Sіlene) – қалампыр тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Облыстың барлық аймағында кездесетін 62 түрі бар. Сабақтары тік, кейде жатаған болады. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, пішіндері әр түрлі (ұзынша, дөңгелек, т.б.). Гүлдері қос жынысты, кейде дара жынысты. Тостағанша жапырақшалары бес тісті. Желектері ақ, қызғылт, сары жасыл түсті, саны – бесеу. Аталығы 10, жатын түйіні үш ұялы. Мамыр – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады.
Жиі кездесетін түрі – торсылдақ сылдыршөп (S. latіfolіa). Ол Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің жағалауында, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей,Қырғыз Алатаулары мен Кетмен тауларының шалғынды жерлері мен селдір ормандарында өседі. Биіктігі 40 – 100 см. Жапырақтары ұзынша, дөңгелек. Ақ түсті гүлдері шашақша масақ гүлшоғырына топталған. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – ақ түсті қорапша.
Салбыр сылдыршөптің (S. nutans) биіктігі 30 – 60 см. Сабағы түкті, жабысқақ. Гүлдері ақшыл күрең, шоқталып өседі. Маусым – тамызда гүлдеп, жеміс береді. Жемісі – сопақ қауашақ. Салбыр сылдыршөп – дәрілік өсімдік, оны жүйке жүйесін тыныштандыру, қабынулар мен ауырсынуды басу және қан тоқтату үшін пайдаланады.
Сылдыршөптың 5 түрі: Мүслім сылдыршөбі (S. muslіmіі), Сырдария сылдыршөбі (S. jaxartіca), Тянь-Шань сылдыршөбі (S. tіanschanіca) және бетпақдала сылдыршөбі, бор сылдыршөбі – өте сирек кездесетін өсімдіктер ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.