Су добынан әлем чемпионаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Су добынан әлем чемпионаты – Халықаралық жүзу федерациясымен ұйымдастырылатын су добынан халықаралық жарыс. Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты кезінде өткізіледі. Алғашқы жарыс 1973 жылы өткізілді.
1986 жылдан бастап әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізіледі.
Қазақстан ерлер құрамасы Әлем чемпионаттарына 11 рет (1994, 1998, 2001, 2009, 2011, 2013, 2015, 2017, 2019, 2022,2023) қатысты. Қазақстан қыздар құрамасы Әлем чемпионаттарына 12 рет (1994, 1998, 2001, 2003, 2007, 2009, 2011, 2013, 2015, 2017, 2019,2022) қатысты.