![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8e/Water.vole.arp.jpg/640px-Water.vole.arp.jpg&w=640&q=50)
Сутышқан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сутышқан, су егеуқұйрығы (лат. Arvicola amphibius) – аламантәрізділер тұқымдасының бір туысы. 4 түршесі анықталған. Қазақстанның батыс, солтүстік, орта, оңтүстік-шығыс аудандарына таралған. Теңіз деңгейінен 2800 м-ге дейін көтеріле алады. Құрлықта, суда тіршілік етеді. Денесінің ұзындығы 14 – 25 см, құйрығының ұзындығы 15 см-дей. Түсі қара қоңыр. Жаз айларында інді, ұяны паналап, өзен-көл жағалауындағы және судағы өсімдіктерді, ал қыста – ағаш тамыры мен қабығын қорек етеді. Қорек іздеуге түнде шығады. Жылына 4 – 6 рет, әр жолы 6 – 8-ден (кей жағдайда 14-ке дейін) балалайды. Егістікке, орман мен бау-бақшаға үлкен зиян келтіреді. Жан-жануарлар арасына туляремия ауруын таратады. Терісі аса бағалы болмаса да аз мөлшерде ауланады.[2]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/d/d8/%D0%A1%D1%83%D1%82%D1%8B%D1%88%D2%9B%D0%B0%D0%BD.tif/lossless-page1-320px-%D0%A1%D1%83%D1%82%D1%8B%D1%88%D2%9B%D0%B0%D0%BD.tif.png)
Сутышқан | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Arvicola amphibius (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Arvicola terrestris |