![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/29/Sub-Saharan_Africa_with_borders.png/640px-Sub-Saharan_Africa_with_borders.png&w=640&q=50)
Суб-Сахаралық Африка
From Wikipedia, the free encyclopedia
Суб-Сахаралық Африка (ағылш. Sub-Saharan Africa, әдетте Сахараның оңтүстігіндегі Африка деп те аталады) — географиялық тұрғыда Сахара шөлінің оңтүстігінде жатқан Африка материгі бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша, Суб-Сахаралық Африка әдетте Сахараның толық немесе ішінара оңтүстігінде орналасқан барлық Африка елдері мен аумақтарын қамтиды.[1] Бір ескерерлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Африкаға арналған геосхемасы Суданды Суб-Сахаралық Африка анықтамасына қоспайды, ал Африка Одағының анықтамасы Суданды Суб-Сахаралық Африка анықтамасына қосады, бірақ есесіне Мавританияны Суб-Сахаралық деп есептемейді.
Дереккөздер
- Political definition of "Major regions", according to the UN. 15 December 2010
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/29/Sub-Saharan_Africa_with_borders.png/320px-Sub-Saharan_Africa_with_borders.png)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2e/Africa_map.png/640px-Africa_map.png)