From Wikipedia, the free encyclopedia
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі. Стратегия кәсіпорынның (фирманың, компанияның, партияның, т.б.) ұзақ кезең бойына алдына қойылған міндеттерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданылады. Мұнда сыртқы ортаның әсері және тұрлаусыздық, кездейсоқтык, тәуекел сияқты факторлар ескеріледі. Операцияларды зерттеуде түйінді ұғымдардың бірі болып табылады. Сондықтан стратегия әрбір кезеңде үдерістің барысы және ортадағы өзгерістер туралы ақпарат алу негізінде шешімдер қабылдау жүйесі ретінде ұғынылады. Операцияларды зерттеу міндеті, әдетте, белгілі бір критерийдің негізінде ықтимал стратегиялардың қатарынан нақ оңтайлысын тандаудан тұрады. Әлеуметтік басқаруға қатысты тұрғыда стратегия дегеніміз макроэкономика мен микроэкономика мүдделерін ұштастыру негізінде міндеттер мен тетіктерді және оларды іске асыру шарттарын белгілеу. Стратегияның аса маңызды сипаттамалары — баламалы көзқарас және түзету жасау мүмкіндігі [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.