Стерлинг (Шотландия)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Стерлинг (Шотландия)

Стерлинг (ағыл. Stirling, скотс. Stirlin, Strivelin, шотл. Sruighlea [ˈs̪t̪ruʝlə]) — Шотландияның орталық бөлігінде орналасқан қала. Стерлинг округының әкімшілік орталығы, сондай-ақ Шотландия патшалығының бұрынғы астанасы және көне қалалардың бірі. Стерлинг Шотландияның жеті «ситилердің» (city) ішіндегі ең кішкентайы.

Тарихы

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Қала
Стерлинг
ағыл. Stirling,

шотл. Sruighlea,

скотс. Stirlin, Strivelin
Thumb
Әкімшілігі
Ел

 Ұлыбритания

Аймағы

Шотландия

Округ

Стерлинг (округ)

Тарихы мен географиясы
Координаттары

56°07′10″ с. е. 03°56′09″ б. б.56.11944° с. е. 3.93583° б. б. / 56.11944; -3.93583 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

16,1 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

37 430 адам (2016)

Тығыздығы

2322 адам/км²

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

01786

Пошта индексі

FK7-FK8

stirling.gov.uk  (ағыл.)

Thumb
Стерлинг
Стерлинг
Thumb
Стерлинг
Стерлинг
Close

Қазіргі заманғы Стерлинг аумағындағы алғашқы елді мекендер тас ғасырына жатады. Қала атауының нақты шыққан жері бүгінгі күнде белгісіз. Қала негізінен қорғанысы ыңғайлы және Форт өзенінде жақсы стратегиялық жағдайда орналасуына байланысты Рим әскерінің Британ аралдарын жаулап алу жорығында стратегиялық маңызға ие болды. Қазіргі замандағы болжамдарға сәйкес, Стерлинг қамалының орныда римдік бекініс Иуддеу болды.

Форт өзені арқылы өтетін өткел және кейінірек танымал көпір Стерлинг қаласының баюуы мен ықпалының өсуіне үлкен үлес қосты. «Корольдік қалалар» (резиденция) тізімінде алғаш рет қала XII ғасырда шотланд патшасы Дәуіт I кезінен айтылып, соңғы уақытқа дейін осы тізімде(сондай-ақ Стривелин деп те кездеседі). Стерлинг XIII-XIV ғасырлардағы ұзақ ағылшын-шотланд соғысының екі негізгі шайқасының куәсі болды: 1297 жылғы Стерлинг көпіріндегі шайқас және 1314 жылы Стерлингке жақын орналасқан Бэннокберн өзеніндегі шайқас. Қала басқармасының ежелгі мөрінде Стерлингтің бұрынғы екі ұраны жазылған:

  • Hic Armis Bruti Scoti Stant Hic Cruce Tuti — «Британдықтар келді бізге күшпен, Қасиетті Крест сақтады Шотландықтарды жарақаттан».
  • Continet Hoc in Se Nemus et Castrum Strivilinse — «Бұл мөрде қамалдың тасы мен қаланың ағашы біріккен».

Тұрғындар

2001 жылғы халық санағының деректері бойынша Стерлингте тұрғындар саны 41 243 болды. 2004 жылдың ортасында кейбір бағалау бойынша қаланың халқы 44 460 адамға дейін өсті. 2004 жылы Стерлинг округінің барлық тұрғындары 86370 адамды құрады. Стерлинг қаласы тұрғындар санының өсуі бойынша шотланд қалаларының арасында үшінші орында. 2001 жылғы халық санағының деректері бойынша, әйелдер 52,7% -ды құрады, ал ерлер 47,2% -ды құрады. Халықтың көпшілігі (24,3%) 16 жастан 29 жасқа дейінгі жас тобы құрайды. Стерлинг тұрғындарына сондай-ақ Шотландиядан тыс жерде туылған тұрғындардың жоғары пайызы - 16,5% тән. Қала тұрғындарының санының ауытқуы көбінесе жергілікті университетте оқитын студенттердің келуіп-кетуімен байланысты.

Қаланың көрікті жерлері

Thumb
Қала маңы
  • Холируд шіркеуі
  • Стерлинг қамалы
  • Уоллес монументі
  • Лох-Ломонд пен Троссахс ұлттық паркі

Туыстас қалалар

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.