Стеллер сиыры
From Wikipedia, the free encyclopedia
Стеллер сиыры, теңіз сиыры (лат. Hydrodamalis gigas) - дюгонь тұқымдасының сүтқоректілері. 1741 жылы бірінші рет Г. Стеллер ашқан. 1768 жылы жойылған. Дене ұзындығы 7,5- 10 м, салмағы 4 тонна.
Quick Facts Стеллер сиыры, Амандық күйі ...
Стеллер сиыры | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Шамамен XVII ғасырда салынған сурет
| ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Hydrodamalis gigas (Эберхард Август Вильгельм фон Циммерман, 1780) |
Close
Алып денелі, терісі қалың, қыртысталған. Құйрық жүзбеқанаты қақ айрылған. Алдыңғы аяқтары тұяқ тәрізді тері өсінділерімен аяқталады. Қос ерінді, тістері жоқ, таңдайы мен астыңғы жақтарында мүйізделген қыртысты жалпақ тіліктері бар. Комондор аралдарының маңын мекендеген. Судың тайыз жерінде табын құрып тіршілік еткен. 2 жылда ұрғашылары 1 ұрпақ әкелген.[2]