From Wikipedia, the free encyclopedia
«Стад де Сюисс» (фр. Stade de Suisse, Wankdorf) — Швейцарияның астанасы Берн қаласындағы футбол стадионы. 2001 жылы бұзылған "Ванкдорф" стадионының орнына жаңадан тұрғызылған. Сыйымдылығы - 31 783 адам. "Янг Бойз" клубы өз алаңындағы матчтарын өткізеді.
Стадиондағы алғашқы матч 2005 жылы 16 шілдеде "Янг Бойз" және "Олимпик Марсель" клубтарының арасында өтіп, қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуді 14 000 адам тамашалады. Ал ашылу салтанаты 30 шілдеде өтті.
Еуро-2008 турнирінің бірнеше матчы ойнатылды.
2005 жылы "Тун" клубы УЕФА Чемпиондар Лигасындағы өз алаңындағы ойындарын осы стадионда өткізді. Сондай-ақ УЕФА Еуропа Лигасының 2011 жылғы 1/16 финалдағы кездесуін осы стадионда ойнады.
2007 жылы 14 қаңтарда осы стадионда "Берн" және "Лангау" командалары арасында хоккей матчы да ұйымдастырылды. Бар-жоғы 53 сағаттың ішінде 30 076 билет түгел сатылып кетті.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.