Спирогира
From Wikipedia, the free encyclopedia
Спирогира - тұщы су қоймаларында тіршілік ететін ағза. Спирогирада жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Ол өзге балдырлармен бірге жиналып, суға жасыл түс береді. Спирогира қолға алғанда жібектей жұмсақ болып сезіледі. Спирогираның құрылысын микроскоппен көруге болады. Оның жасушалары ірі. Жасуша қабықшасы астындағы цитоплазма ядроны қоршаған цитоплазмамен цитоплазмалық жіпшелер арқылы байланысады. Жіпшелердің арасын вакуоль шырыны толтырып тұрады. Жасыл түс беріп тұратын хроматофоры бір, екі немесе одан көп болады. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушаның цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді.[1]
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2016-12-30, 04:50 кезінде (7 жыл бұрын) AlibekKS (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (желтоқсан 2016) |