Борис Васильевич Спасский (30.1.1937 жылда туған, Ресей, Санкт-Петербург) – шахматтан әлемнің оныншы чемпионы (1969 – 72), халықаралық гроссмейстер (1955), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965). КСРО чемпионы (1961, 1973) және халықар. турнирлердің жеңімпазы. Спасский шахмат ойнауды бес жасында ағасы Григорий Васильевич Спасскийден үйренді. Тоғыз жасынан бастап пионерлер үйіндегі шахмат үйірмесінде Васильев Зактың жетекшілігімен жаттықты. 12 жасында спорт шеберлігіне үміткер атағына қол жеткізді. 1952 жылдан бастап гроссмейстер А.Толуштың жетекшілігімен жаттықты. Соның нәтижесінде жастар арасындағы әлем чемпионы атанды (1955, Бельгия, Антверпен). 1964 жылы үміткерлер турнирінде 1-, 4-орынды бөлісті. Ал қосымша матч турнирде П.Керес, Е.Неллер, М.Таль сынды танымал шахматшылардан озып, ақтық сында әлем чемпионы Т.Петросяннан 12,5:11,5 есебімен ұтылып қалды. 1968 жылы үміткерлер турнирінде алғашқы орындарды Ларсен, В.Корчной, Геллер сияқты гроссмейстерлермен бөлісіп, қосымша матчта жеңіске жетті. Сөйтіп, 1969 жылы Т.Петросян мен Спасский қайта кездесті. Бұл жолы 12,5:10,5 есебімен жеңіске жеткен Спасский әлемнің оныншы чемпионы атанды. Әлем чемпионы атағын сақтап қалу үшін Спасский америкалық гроссмейстер Р.Фишермен кездесіп, 12,5:8,5 есебімен ұтылып қалды (1972, Исландия, Рейкьявик). 1974 жылы Спасский әлем чемпионатының жартылай финалында А.Карповтан ұтылды. 1976 жылы Францияға қоныс аударған соң Бугайно және Монтилья (1978), Мюнхен (1979), Баден (1980), Минарес (1983), Лондон (1989) қаларында өткен турнирлерде бас жүлдені иемденді. Франция құрамасы сапында Бүкіләлемдік шахмат Олимпиясында (1984, 1986) және командалық бірінші әлем чемпионатында өнер көрсетті.

Quick Facts Мемлекеттер, Туған күні ...
Борис Спасский
Борис Васильевич Спасский
Thumb
Борис Спасский (2016)
Мемлекеттер

 КСРО
 Франция
 Ресей

Туған күні

30 қаңтар 1937 (1937-01-30) (87 жас)

Туған жері

Ленинград, КСРО

Лауазымы

Гроссмейстер (1955)

Максималды рейтингі

2690 (қаңтар 1971)

Актуалды рейтингі

2548 Шахматшының id табылмады

Марапаттары мен сыйлықтары

Шахматтан әлем чемпионы (1969—1972)

Жеке мағлұматы ФИДЕ сайтында
Жеке мағлұматы Chess DB сайтында

Close

[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.