Соңғы морена, шеткі морена, шептік моренамұздықтың шетінде, оның ұзак уақыт қозғалмай тұрған кезінде немесе мұздың аз уақыт қозғалысы кезінде қалыптасқан белес тәрізді не төбелі қырқалар. Соңғы морена - жағалық, беткі, тұпмаңы және түптік мореналардың сынық материалдарының өркелкі аккумуляциясының нәтижесінде түзілген шөгінді моренаның типі. Соңғы морена едәуір қалың, биіктігі оңдаған м-ге дейін жетеді, кейде тау жыныстары сынықтарының астында мұзды ядросы болады. Түзілу ерекшеліктеріне сәйкес сығылу мен уатылудың нышаны (сырғуы, жоғары ығысуы) байқалады, ірі қойтастар кездеседі. Соңғы моренаның қыркалары жиі доғалданып келеді. Қырқалар арасындағы ойпаңдарда көлдер орналасады. Мұздықтан алыстау сырт жағында Соңғы моренаға флювиогляциалды түзілімдер жанасады. Соңғы морена бұрынғы материктік мұз жамылғысының шеттерін бойлай кездеседі (мысалы, Финляндиядағы 500 км-ден астам жерге созылып жатқан Салпаусселькянің үш параллельді қырқасы).[1]

Thumb
Mорена

==

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.