![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/78/Sommelier_F.I.S.A.R..jpg/640px-Sommelier_F.I.S.A.R..jpg&w=640&q=50)
Сомелье
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сомелье — кәсіпорындағы сусындарды жіберуді қадағалайтын және шарап туралы толық ақпарат бере алатын қызметкер. Шарап картасын құрастыруда сомелье үлкен рөл атқарады.[1]. Сомелье кез келген мейрамханада маңызды рөл атқарады. Оның қызметне тек шараптың түрлерін жақсы ажырату кірмейді, ол сонымен қатар шараптар картасын да дайындайтын маман болып келеді[2].
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/78/Sommelier_F.I.S.A.R..jpg/320px-Sommelier_F.I.S.A.R..jpg)
Сомелье́ (фр. sommelier /sɔməlje/) — мейрамхана қызметкері, ол шараптарды сатып алу, сақтау және оларды клиенттерге ұсынуға жауапты болады. Сомелье өзінің қызметі барысында арнайы "сомелье бұрандасын" пайдаланады. Сомельені оқыту арнайы сомельеге арналған мектептерде жүзеге асырылады, онда шараптың тарихы мен шарап жасайтын өңірлер жайлы теориялық мағлұматтардан басқа, сомелье шараптардың құрамын анықтау мен алынған мағлұматтарды дұрыс пайдалануды да үйретеді. Нәтижесінде, профессионалды сомелье шараптың иісінен-ақ, сусынның сапасын, жүзімнің сортын, тіптен шараптың пайда болу аймағы мен оның жасын да анықтай алады[2].