From Wikipedia, the free encyclopedia
Соломон аралдары архипелагы — Тынық мұхиты, Папуа — Жаңа Гвинея шығысында орналасқан, Меланезия зонасына жатқызылатын архипелаг.[1] Солтүстік-батыс бөлігі Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің, қалған бөлігі – Соломон аралдары мемлекетінің құрамына кіреді. Аумағы 40,4 мың км². Ең биік жері – 2743 м (Бугенвиль аралында).
Соломон аралдары архипелагы ағылш. Solomon Islands archipelago | |
Соломон аралдары картасы: сарымен Соломон аралдары және жасылмен Папуа — Жаңа Гвинея мемлекеттерінің жері | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Аралдар саны | 992 |
Ірі аралы | Бугенвиль |
Жалпы ауданы | 40 400 км² |
Ең биік нүктесі | 2715 м |
Тұрғындар (2009 жыл) | 720 000 адам |
Халық тығыздығы | 17,822 адам/км² |
Орналасуы | |
Акватория | Тынық мұхит |
Елдер | Соломон аралдары Папуа — Жаңа Гвинея |
Соломон аралдары архипелагы Ортаққорда |
Соломон аралдарын 1568 жылы испандық теңізде жүзуші Альваро Менданья де Нейра ашқан. Ірі аралдары: Бугенвиль, Гуадалканал, Санта-Исабель, Малаита, Макира, Шуазёль, Нью-Джорджия. Аралдар негізінен жанартаулық жолмен пайда болған, әрекетті жанартаулары – Балби, Багана. Климаты субэкваторлық, өте ылғалды. Айлық орташа температурасы 26–28°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2300 мм-ден жоғары. Өзендері қысқа, суы мол. Соломон аралдарының басым бөлігін мәңгі жасыл ормандар (пальма, фикус), қуаң жағын саванналар, өзен бойларын мангр бұталары алып жатыр. Топарал аумағында Куин-Элизабет ұлттық саябағы (Гуадалканал аралында) құрылған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.