From Wikipedia, the free encyclopedia
Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі – металлургия саласының ірі кәсіпорны. 1954 ж. маусымда Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты ретінде құрылды. Қостанай облысының Рудный қаласында орналасқан. Темір кентасы концентратын қожды шекемтас өндіреді, уатылған шикі кентас, доломит, әктас, қиыршықтас қазып алады. Бірлестік Қазақстанда ғана емес, темір кентасын өндіретін және байытатын жетекші кәсіпорындардың қатарына жатады. Оның құрамына кіретін Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкөл кеніштерінің кентасты пайдаланатын жалпы теңгермелік қоры 3,4 млрд т көлемінде. Индустрия алыбының құрамында бұлардан басқа Соколов жер асты кеніші, кентас дайындау, кен байыту басқармалары, жентектеу фабрикасы жұмыс істейді. Сондай-ақ оның құрамына кен-теміржол көлігі басқармасы, автокөлік басқармасы, Алексеевск доломит және Қызылжар әктас кеніштері, жөндеу-механика зауыты, бірқатар көмекші бөлімшелер де кіреді. Сарыбай кеніші қазіргі кезеңде 411 млн 400 мың т темір кентасын шығарады. 1999 ж. кен орнына 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. 2005 ж. бұл қаржы 100 млн долларға жетті. Осы жылы бірлестік 35 млн тонналық жобалық қуаттан жоғары деңгейге көтерілді.[1]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.