From Wikipedia, the free encyclopedia
Скагерра́к (Skagerrak) —Ютландия және Скандинавия түбектерінің аралығындағы бұғаз. Солтүстік теңізді Балтық теңізімен жалғастырады. Ұзындығы 300 км, ені 110–130 км. Фьордты және шхерлі Скандинавия түбегі жағалауына бойлай Норвег науасы жатыр, Ютландияның жазық жағалауы құмды қайраңды келеді. Батысқа (жылдамдығы 2–4 км/сағ) және шығысқа бағытталған ағыстарды байқауға болады. Деңгейі жарты тәулікте бір рет көтеріледі (0,4 м). Балық шаруашылығы қарқынды дамып жатқан аймақ болып табылады. Жағалауында – Осло, Кристиансанн және Ареньдаль (Норвегия) порттары орналасқан.
Бұғаздың тұздылығы 30 пайызға дейін жетеді. Сонымен қатар оның флорасы мен фаунасын 2000-нан астам теңіз ағзалары құрайды.
Скагеракк Германия үшін бірінші және екінше дүниежүзілік соғыстар кезінде өте маңызды базалардың бірі болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемге таныма ең ауқымды теңіз күресі - Ютланд күресі өтті. Бұғаздың әскери маңыздылығына байланысты , оны басқару үшін Германия Дания мен Норвегияға екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шабуыл жасады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.