![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/38/ReligijneSymbole.svg/langkk-640px-ReligijneSymbole.svg.png&w=640&q=50)
Символ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)
- лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;
- өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/38/ReligijneSymbole.svg/640px-ReligijneSymbole.svg.png)
Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.