![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6f/Dihydrogen-LUMO-phase-3D-balls.png/640px-Dihydrogen-LUMO-phase-3D-balls.png&w=640&q=50)
Сигма байланысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сигма байланысы. Атомдардың орбитальдарының бір – бірімен қаптасуы нәтижесінде түзілген молекулалық орбиталь немесе ковалентті химиялық байланыс сол атомдардың ядроларының арасын байланыстыратын белдеу сызығының бойында жатса, онда осы сигма (σ) байланыс дейді.Сигма байланысы екі s – немесе екі р - , немесе екі d – орбитальдар және s– пен р -, d – мен s - , d – мен р – орбитальдар әрекеттескенде түзіледі.
- Пи – байланысы π. Атомдардың электрон орбитальдарының бір – бірімен қаптасу арқылы түзілген молекулалық орбиталь сол атомдардың ядроларын байланыстыратын белдеу сызығына тік бұрыш жасай жатса онда оны пи (π)
байланысы дейді.
- δ – байланыс Бұл байланысты параллель жазықтарда жатқан екі d –орбитальдар өздерінің күлтелерімен түгел бір – бірімен қаптасу нәтижесінде түзіледі.