Сергий Притула
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сергий Притула (укр. Сергій Дмитрович Притула; туған жылы 22 маусым 1981 жыл, Збараж, Тернополь облысы, Украина КСР) — Украинаның қоғам және саяси қайраткері, тележүргізуші, актер.
Жастық шағы
Сергий Притула | |
Сергій Дмитрович Притула | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Украина, Тернополь облысы, Збараж қ. |
Партиясы |
партияда жоқ |
Мансабы | |
Әкесі |
Притула Дмытро (1953 - 2004 жж.) |
Анасы |
Притула Валентина (1955 ж.) |
Жұбайлары |
Юлия Андрийчук, Притула (Сопельник) Катерина (1985 ж.) |
Марапаттары |
II дәрежелі Құрмет ордені (2022), ІІІ дәрежелі Құрмет ордені (2019 ж.) |
Сергий Притула 1981 жылы 22 маусымда Украинаның Збараж қаласында дүниеге келген. Әкесі кішігірім басшылық қызметтерде жұмыс істеді, Сережаның анасы білімі бойынша мұғалім болды.
Оның үлкен ағасы Василийді жастайынан кітап оқуға үйреткен. Притула еңбекқор болып өсті, Ғылым академиясының ғылыми жұмыстар байқауына қатысып, мектепті алтын медальмен бітірді. Жігіттің өмірге деген ауқымды жоспарлары болды, ол Украина астанасында оқып, сонда тұрғысы келді, бірақ ата-анасы ұлын бұл шешімін мақұлдамады.
Нәтижесінде Сергий облыс орталығы Тернополь қаласына қоныс аударып, Халық шаруашылығы академиясының студенті атанды. Жас кезінде ол шығармашылықпен белсенді болды, «Митці» одағының мүшесі болды, КВН ойындарына қатысып, көркемөнерпаздар қойылымдарымен айналысты. Сонымен қатар ол жергілікті радиода бағдарлама жүргізді.
Сергий Лондонда оқуын жалғастыруды шешіп, колледжге түсті, бірақ берілген білім сапасына тез көңілі толмады. Содан кейін жігіт оқуын тастап, қосымша жұмыс іздеуге кірісті. Ол өзін әртүрлі кәсіптерде сынап көрді: құрылысшы, даяшы, тасымалдаушы т.б.
Бұл Сергийдің өміріндегі қиын кезең болды. Притула достарымен пәтер жалдап тұрды, бір күні оған бір топ бұзақылар кіріп, төбелес кезінде жас жігіт жарақат алып, көзінен айырыла жаздады. Бірнеше операциядан өткенімен, бірақ оның көру қабілеті толық қалпына келмеді.
Отанына оралған Сергий университетте оқуын жалғастырып, радиодағы жұмысын қайта жалғастырды. Митингіге қатысуына байланысты ол оқудан шығарыла жаздады, бірақ ол әлі де дипломын қорғап, магистратураны аяқтау үшін өзінің оқу орнында қалды.[1]
Отбасы
Притуланың ата-анасы: әкесі Притула Дмытро Збаражский жол құрылысында жұмыс жасады (2005 жылы қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды), анасы - Валентина мұғалім. Үлкен ағасы Василий - "Василь Кисиль и партнеры " компаниясының заңгері.
Тележүргізушінің бірінші некесі 2007 жылы Юлия Андрейчукпен болды. Олардан дүгиеге ұл бала келді. Бірақ неке ұзаққа созылмады, бірақ ерлі-зайыптылар жақсы қарым-қатынаста болды, ал Сергей ұлын тәрбиелеуге белсенді қатысады.
Екінші әйелі Катерина Сопельник (Сергей оны телешоу түсірілімінде кездестірді) Притуланың бірінші әйелімен жақсы қарым-қатынаста. Ерлі-зайыптылар 2015 жылы үйленді, ал екі жылдан кейін, 2017 жылдың шілдесінде олардың қызы Соломия дүниеге келді. Сергейдің балалары да өнерлі болып өсуде, ал үлкен ұлы тіпті әкесіне сахнада көмектесуде. 2021 жылы Стефани атты екінші қызы дүниеге келді.[2]
Мансабы
- 1998 жылы Сергий Притула радио жүргізушісі болып, келесі жылдың қаңтарында «Сұр» бүркеншік атымен «Тернополь 106.1 FM» радиосына шықты.
- Сергий Лондонда оқып жүргенде құрылысшы мен жүк тиеушіден даяшы мен аспаздың көмекшісіне дейін жұмыс істеген.
- 2001 жылы Тернопольге оралып, "Тернополь радиосы"на қайта оралды.
- 2004 - Сергий Притула «Интер» телеарнасындағы «Бұл сенікі, біздікі болды» бағдарламасының жүргізушісі қызметіне қабылданды.
- 2005 жылдың қарашасында ол Киевтің «Музыка-радио» радиостанциясына шақырту алды.
- 2006 жылдан 2009 жылға дейін Сергий "Тернополь сұр" атауын алып, "UA Comedy Club" резиденті болды, апта сайын украиналық атақты адамдар туралы сөйледі. Сонымен бірге "Жаңа арнада" және радио жобаларында жұмыс істей бастады: Люкс FM де "Вишневая 20-ка" және біздің радиодағы "Файна Юкрайна" жобаларында.
- 2008 - 2011 ж. 27 мамыр - Притула Александр Педан және Ольга Фраймутпен бірге Жаңа арнада таңғы "Подъем" телешоуын жүргізеді.
- 2008-2010 жылдар аралығында «Жаңа арнада» «Файна Юкрайна» скетч-шоуының актері, авторы және продюсері болды, барлығы 100-ден астам түсірілімдер түсірілді.
- 2009 Сергий Притула «Варяты» жобасын жасаушылардың бірі болды, алғашқы қойылым 2010 жылы 28 мамырда Тернопольде «Варяты бірінші украин тіліндегі юмор шоуы» деген атпен өтті.
- 2012 жылы «Жаңа арнада» «Кім биікте?» шоуының креативті директоры және тұрақты жүргізушісі қызметтерін алды.
- 2012 жылдың маусым айында Сергий Притула Ольга Фраймут пен Александр Педанмен бірге "Кабрио Лето" шоуының аясында Украинаға сапарға аттанды.
- 2013-2014 жылдары ол Александр Педанмен бірге «Жаңа арнада» «Педан - Притула шоу» шоуында жүргізуші болды.
- 2014 жылдың наурыз айынан бастап – «Инспекторға құштарлық» пост-шоуының жүргізушісі болып жұмыс істеді.
- 2015 жылдың тамызында ол "СуперИнтуиция" шоуының жүргізушісі болды.
- 2016 жылдан бастап "Новый канал" телеарнасында Сергей Притуланың қатысуымен "Варяттар" атты украин тіліндегі алғашқы әзіл-сықақ шоуы өтті.
- 2017 жылдан 2020 жылға дейін Сергий жыл сайын Евровидениеге Украинаның Ұлттық іріктеуінің жүргізушісі болды.
- 2018 жылы Сергей «Варята» командасымен бірге сценарий жазып, канадалық «Секс және жеке ештеңе жоқ» комедиясының украиндық ремейкінде ойнады. Ол басты кейіпкердің досы Василийдің рөлін сомдады.
- 2020 жылдың 19 тамызында Сергий Притула Варятыны тастап, актерлік мансабын аяқтағанын хабарлады.[3][4][5][6]
Билікке ұмтылысы
Зеленскийдің 2019 жылғы президенттік сайлаудағы жетістігі Сергей Притуланы «Голос» партиясының тізімінде №30-шы орынға сайланған мерзімінен бұрын парламенттік сайлауға қатысуға шабыттандырды. Алайда, украиндық сарапшылардың пікірінше, соңғы сөзді «Новый каналдың» қожайыны, «Голостың» бас демеушілерінің бірі Виктор Пинчук айтты деп мәлімдеді.
Бір қызығы, Притуланың өзі бұл партияны Пинчуктың қаржыландыруын жоққа шығаруға тырысты. Әйтсе де, «Голос» партиясының 30-шы саны өтпейтін болып шықты да, Притула халық қалаулысы болмай қалды.
Сергий Притула 2020 жылы Киев мэрі сайлауына да сәтсіз түсті, ол 7,87% ұпай жинап, үшінші орын алды. Оның жалғыз жетістігі ол «Слуги народа» үміткері Ирина Верещукты (5,44%) басып озды. Алайда, Притула туралы оның сайлауға тек Кличконың пайдасына техникалық кандидат ретінде барғаны айтылды.
Сергий Притуланың одан әрі саяси жоспарлары «Голос»тың бөлінуіне және жеке амбицияларына қарсы шықты. Олар Притула украиндар ең сенімді саясаткерлердің үштігіне кіргеннен кейін пайда болды. 2021 жылдың сәуірінде ол Кира Рудыктың қарсыластарының жағына шығып, партияны өзі басқарғысы келетінін ашық айтты. Бас тартуды алған Притула 2021 жылдың жазында «Голос»ты тастап, жұмыс істейтін өз партиясын құру жоспарын жариялады.
Сергий Притула оны 2022 жылдың көктемінде құруды жоспарлады және 5 ақпанда қол жинау басталды. Притула партиясының басты демеушісі кәсіпкер Томаш Фиала (Венгрия азаматы және Соростың серігі) болды. Алайда, бұл жоспарларға соғыс кедергі болды-жоба әлі де қағаз жүзінде қалды.[7]
Сергий Притула туралы қызықты деректер
- Ол саяхаттауды жақсы көреді және қай жерде болса да - Нью-Йоркте немесе Вильнюсте ол әрқашан украин асханасының мейрамханасына барады.
- Ол Украина ұлттық футбол командасының амбассадоры (елшісі). Бұл құрметті оған Украина футбол федерациясы берді.
- Шоумен деп аталғанды ұнатпайды. Оның айтуынша, бұл ұғым өте бұлыңғыр және ол өзін тележүргізуші немесе әзілқой деп санауға дағдыланған.
- Оның концерттеріне Сергийдің ұлы Дмытро де қатысты. Кофе дайындайды, су әкелді, сахнада көмектесті.
- Сергий тұрғылықты жерін 16 рет ауыстырған.
- Тек 31 жасында ғана көлік жүргізе бастаған.[8]
Дереккөздер
- СЕРГЕЙ ПРИТУЛА: БИОГРАФИЯ ПОПУЛЯРНОГО ШОУМЕНА https://clutch.net.ua/stars/46-sergey-pritula
- Притула Сергий Украинский телеведущий, волонтер и политик https://parlament.ua/ru/dossier/pritula-sergej/
- Сергей Притула Деятель культуры, Знаменитость https://my.ua/persons/sergii-pritula
- Сергей Притула: биография, факты из личной жизни https://yandex.kz/turbo/syl.ru/s/article/304877/sergey-pritula-biografiya-faktyi-iz-lichnoy-jizni
- Сергей Притула https://novy.tv/ru/host/s-prytula/
- Сергей Притула: еще один комик, подавшийся в политики https://skelet.info/sergej-pritula/ Мұрағатталған 15 мамырдың 2023 жылы.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.