From Wikipedia, the free encyclopedia
«Семсерден соқа соғып шығарайық» — Евгений Вучетич жасаған мүсін.
| |
Евгений Викторович Вучетич | |
Семсерден соқа соғып шығарайық, 1957 | |
қола. Биіктігі: 2,8 м (тұғырымен ~4 м) | |
Нью-Йорк, БҰҰ ғимаратының маңы |
1957 жылы жасалған бұл мүсіннің атауы Көне келісімдегі бейбітшілікке шақыру сөздері болып келеді.
1958 жылы Брюссельде өткен Дүниежүзілік көрмеде Вучетичке бұл өнер туындысы үшін гран-при табысталды.
1959 жылы Кеңес Одағы бұл мүсінді Біріккен Ұлттар Ұйымына тарту етеді. Қазір ол Нью-Йоркте, БҰҰ-ға қарасты Солтүстік саябағында орналасқан.[1]
Мүсіннің әр қалаларда орналасқан үш көшірмесі бар.
Біреуі Мәскеуде, Третьяков галереясына қарасты саябақта тұр.
Тағы біреуі Волгоградта, «Газоаппарат» зауытының кіреберісінде тұрғызылған.
Үшіншісі Өскемендегі Орталық мәдениет үйінің кіреберісінде, сол жағында қойылды (ал оң жағында Жұлдыздарға қарай мүсіні тұр). Бұл мүсін 1962 жылы шойыннан жасалған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.