Севилья
From Wikipedia, the free encyclopedia
Севилья (ис. Sevilla [seˈβiʎa]) — Испанияның оңтүстігіндегі қала. Тұрғындарының саны 700 мың адамды құрайды. Автономиялық бірлестік Андалусияның және Севилья провинциясының орталығы болып табылады. Муниципалитет бірлігі Үлкен Севилья ауданының құрамына кіреді. Аңызға сәйкес,Севилья қаласы грек батыры Гераклдің көмегімен құрылған. Қала тұрғындары испан тілінде «севилья́нос» деп аталады.
Қала | |||||
Севилья | |||||
Sevilla | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел |
ИспанияИспания | ||||
Автономиялық бірлестік | |||||
Провинция | |||||
Комарка | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
37°23′00″ с. е. 5°59′00″ б. б.37.38333° с. е. 5.98333° б. б. / 37.38333; -5.98333 (G) (O) (Я) | ||||
Жер аумағы |
141,31 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
12 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▲ 703 206 адам (2009) | ||||
Тығыздығы |
4984,88 адам/км² | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
(+34) 95* | ||||
Пошта индекстері |
410** | ||||
sevilla.org (исп.) | |||||
Ортаққордағы санаты: Севилья |
Севилья қаласы тұрғындарының саны жөнінен Испания мемлекетінде төртінші орынды алады. Сонымен қатар бұл қала өнеркәсіптің, сауданың және туризмнің ірі орталығы саналады. Құнарлы, жақсы игерілген жазықтықта және Гвадалквивир өзенінің екі жағында орналасқан. Көптеген мұнараларымен Севилья тамаша көрініске ие. Қаланың ежелгі бөлігі Гвадалквивир өзенінің сол жағалауында орналасқан және Лос Умерос, Сестериа, Баратильо, Карретериа, Ресолана, Сан Бернардо, Сан Роке и ла Кальсада, Макарена сияқты қалалармен қоршалған. 66 мұнарасы бар қаланың ежелгі қорғанынан бүгінгі күнде тек қалдықтары ғана қалған. Өзеннің оң жағалауында Триана ауданы орналасқан.