Қысқаша сипаттама

Thumb
Жүзік.

Жүзік — соғу, қалыптау, ширату , сәндеу арқылы жасалып, сәндік үшін саусаққа салынатын әшекейлі сақина. Палеолит дәуірінде сүйектен, неолит дәуірінде тастан, қола дәуірінде металдан жасалған. Ежелгі Египетте (Мысыр) мөрлі Жүзік салу кең таралып, оның көзінде оюлап салынған сурет не жазу болған; адамдар қол қою орнына мөрлі Жүзіктің таңбасын басқан. Мөрлі Жүзік бұдан кейін эгейліктерде, гректерде, этрустарда, римдіктерде де қолданылған. Мұндай Жүзіктердің көзіне көбінесе тас (гауhар, лағыл, жақұт, құбыл тас, т.б.) орнатылған. Қазіргі Қазақстан аумағында да Жүзік жасаудың ежелгі замандардан бастау алатынына олардың археол. қазбалардан табылған үлгілері дәлел бола алады. Жүзіктің жасалуы сақинадан күрделірек. Қазақ халқы асыл тастардан көз қондырылғанын Жүзік, тасы жоқ, тек алтын, күмістің өзінен ғана көз шығарғанын сақина, көзі жоқ шығыр түріндегісін балдақ деп атайды. Жасалу мәнеріне қарай немесе көздеріндегі тастардың атымен алтын Жүзік, күміс Жүзік деп, сақиналар құсмұрын, түйетабан, жүрекше, т.б. болып аталған. Ер мен әйелдің жүзік, балдақ ауысуы шын сүйіспеншіліктің белгісі саналған. Қазақ халқының дәстүрінде көзіне асыл тас орнатылған (кейде жазулы) алтын, күміс Жүзіктерді қыз-келіншектер, сал-серілер салса, ал жігіттер балдақ салған. Ертеректе хан, би, болыстардың мөр, қолтаңба орнына қолданатын Жүзіктері болды. Сондай-ақ, мөрлі Жүзікке оймыштай салынған дұға, ру таңбасы да бейнеленген. Мұндай Жүзіктерді келін түсіргенде қыздың шешесіне тарту ретінде сыйлайтындықтан “құдағи жүзік” деп атаған. Жасалған материалы мен түр-түсіне қарай Жүзіктер: құдағи Жүзік, күмбезді Жүзік, шытыралы Жүзік, бағдарлы Жүзік, лажылы Жүзік, көзді Жүзік деп аталады. [1]

Сілтемелер

[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.