Сақалтай
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сақалтай, қозықұмай, көкжөре (лат. Gypaetus barbatus) — күндізгі жыртқыш құстар отрядының қаршығатәрізділер тұқымдасына жататын ірі құс.
Сақалтай | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Gypaetus barbatus (Linnaeus, 1758) |
Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Тянь-Шаньда, Алтайда кездеседі. Теңіз деңгейінен 2000 — 4000 м биіктіктегі шың-құздарды мекендейді. Тұрқы 1,1 метрге, жайған қанаты 2,7 метрге жетеді, қанатының ұзындығы 72 — 93 см, салмағы 5 — 7 кг. Басы ақшыл не сарғылт, арқасы қаралау. Басқа жыртқыштардан ерекшелігі — тұмсығының екі жағында танау тесіктерін жауып тұратын қыл тәрізді қауырсын — “сақалының” болуы. Шәулісі мен ұябасарын сырттай бір-бірінен ажырату қиын. Арқа тұсы қауырсындарының түсі ұзына бойы ақ теңбілдері бар қара-сұр, басы мен құрсақ жағындағы қауырсындарының түсі — ақсары не жирен. Сақалтайлар жеңіл, қалықтап ұшады. Сақалтай — отырықшы құс, ұясын қуыстарға, үңгірлерге салады. Құстардың шағылысуы қазан айында басталып, ақпан — наурызда ұяда 1 — 2 жұмыртқа пайда болады. Жұмыртқаларын аталығы мен аналығы 2 айға жуық кезектесіп басады, балапаны 3 айдан кейін қанаттанады. Өлексемен қоректенеді. Кейде тұяқты жануарлардың жас төлін, құс балапанын, тасбақаны аулайды. Қазіргі кезде сақалтайлардың Ақсу-Жабағылы қорығында 5, Алматы қорығында 3 жұбы тұрақты ұялайды.[1][2] Сақалтай сирек кездесетін құс, оның саны жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[3]
-
Gypaetus barbatus aureus
-
Gypaetus barbatus hemachalanus