Мұхаммед пайғамбардың сахабасы (серігі, жолдасы, көмекшісі) From Wikipedia, the free encyclopedia
Сахабалар (араб.: الصحابة көпше түрінде, жеке түрі صحابي — дос, жолдас) — арабшадағы схб түбірінен туындаған көпше түрдегі есім сөз, жекеше түрі — сахаби, Ислам дінінің соңғы пайғамбары Мұхаммед ﷺ серіктеріне берілген атақ. Сахаба (етістігі) серік, жолдас, дос болу және сұхбаттасу деген мағынаны білдіреді.[1] Мейлі аз, мейлі көп болсын, сұхбаттасқан адамға осы есім беріледі.
Терминдік мағынасына келсек, С. Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарды көрген, аз уақыт болса да оның сұхбатын тыңдап, иман келтірген және дүниеден иманды өткен «сахабаға» жатады.[1]
Асхаб деп Мұхаммед с.ғ.с мен қатар жүрген, бірге жорықтарға қатысқан адамдарды айтады. Асхабтар тұңғыш мұсылман әскерін құрушылар, алғашқы қолбасшылар еді. Бұлардың алғашқылары муhажирлер (Мұхамед с.ғ.с мен бірге Меккеден Мәдинаға қоныс аударғандар) және ансарлар ислам дінін таратуда маңызды рөл атқарды. А-тарға әмірлік, әскери қолбасшылық қызметтегі жоғары лауазымдар берілді. Жай халық айына 300 дирhам алғанда, оларға 3 мыңнан 5 мың дирhамға дейін жалақы төленді. Омар халиф тұсында Асхабтар саны 10 мыңға жетті. Бұлар Мұхаммед с.ғ.с пайғамбардың хадистерін насихаттады. Ислам тарихына өшпес із қалдырған А-тар жайлы кітаптар жазылып (9 ғ.), олардың өмірбаяндары, ізгілікті іс-әрекеттері хатқа түсірілген. А-тардың бірсыпырасы әулие атанып, қабірлері қасиетті орынға айналған.[2]
Пайғамбарымызға Пайғамбарлық келгеннен кейін ең алғаш иман келтіріп, бүкіл қиындықтарға қарамастан Аллаһ пен Расулдың қауіпке толы жолында ешнәрседен тайынбағандар. Ақиқат дінінің дәстүр талаптары бойынша өмір сүре білу үшін Меккенің алынуынан бұрын Меккеден Мединеге туған жер, бала-шаға, шаруа кәсіптерін Аллаһ үшін тастап кешкен әзиз жандар. Олар - Исламның кең таралуы жолында үлкен қызмет атқарыл, өшпес із қалдырған, Аллаһтың ризашылығына және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне ие болған ардақтылар. Мекке азат етілгеннен кейін һижрет ету біржолата тыйылса да, алғашқы муһажирлердің даңқтары, мәртебелері мәңгі сақталып қалды. Муһажирлік дәреже - ең жоғарғы дәрежелердің бірі болды.[3]
"Сонда, Раббылары олардың дұғаларын қабыл етіп (айтты): "Әлбетте, Мен сендерден бірде-бір амал істеушіні" - ер кісі яки әйел адамның амалын жоймаймын. Өйткені, (сендер) бір-біріңненсің (яғни, ер кісі әйелден, әйел ер кісіден дүниеге келген)". Ендеше, отандарынан ауып, жұрттарынан қуылған, Менің Жолымда жапа шеккен және (Менің Жолымда) соғысып, өлтірілгендердің күналарын өшіремін және оларды астарынан өзендер ағып тұратын бау-бақшаларға кіргіземін. Бұл Аллаһ хұзырынан болған сауап-сый болады. Өйткені ең көркем сауап-сый Аллаһтың хұзырында". Құран Кәрім, Әли Имран сүресі, 195-аят.
Ансардың сөздік мағынасы - жәрдем ету. Терминдік мағынасы - Ислам діншіл дәстүрлері бойынша өмір сүріп, оны таратуға Меккеден Мединеге кешкен Пайғамбар мен муһажирлерді ыстық ықылас пен құшақ жайып, құрақ ұшып қарсы алған, оларды өздерінің күйбең тіршіліктерінен де жоғары қойып, барын солармен бөлісіп, колынан келген жәрдемдерін аямай, муһажирлермен бауыр болып, бауырлары үшін қилы-қилы қиындықтарға төзуге - ризашылыгын білдірген сахабалар. Олар өмірлерінің соңына дейін Ислам жолында қызмет етті. Ансарлардың көмегінің арқасында муһажирлер мұқтаждықты білмеді, бір-біріне жәрдемдесулері мен жанқиярлықтарының дәнекерлігімен Ислам мейлінше құрылып, аз уақыттың ішінде һәм рухани, һәм материалдық жағынан басқа мемлекеттерді басып озды. Ансардың жасаған жақсылықтары Құранда ерекше аталып, олар жайлы: «Міне, нағыз құтылушылар осылар», - делінген.[4] Ансардың дәрежелерін Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) былай бағалап, аңғартқан: «һижрет болмағанда мен ансардың қатарынан табылар едім. Барлық адамдар бір жолға, ансар да басқа жолға түссе, мен ансардың жолымен жүрер едім. Аллаһым, ансарды, балалары мен олардың ұрпақтарын да қорғай гөр».[5]
Муһажирлердің көшуі және ансардың оларға жәрдем етіп, қолдауының нәтижесінде Аллаһ Расулы (с.а.у) Мединеге кешті. Осылайша Медине Ислам көтерілісінің орнығуы мен таралуының орталығына айналды. Ислам шуағын тарату өрт. болған бұл қала «Медине мунаууара» (нұрлы қала) деп аталды.[6]
Мұхаммед пайғамбардың Мединеде салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарын көлеңкелік баспана жасатқан. Көлеңкелік араб тілінде "суффа" деп аталады. Осы жерде тұрғандар "асхабы суффа" суффа сахабалары деп аталды. Суффа сахабалары туған-туыс, жақындары мен дүние-мүліктері жоқ кедей сахабалар болатын. Олар өз өмірін құран үйреніп, пайғамбардан Құран, хадис және басқада діни ілімдерді терең меңгерумен жоғары құрметке ие болды. Олар күндіз ораза ұстап, түнде ғибадат етіп, дүниенің күйбең тіршілігінен бойларын алыс ұстап, алтын уақыттарын пайғамбардан естігендерін жаттап, кейінгілерге жеткізу жолында өткізді. Пайғамбардың білім бұлағынан сусындаған бұл сахабалар жан-жаққа мұғалім етіп жіберілді. Олар Исламның шынайы рухын басқа руларға, мемлекеттерге көркем түрде уағыздау арқылы жеткізді. Өмірлерін ақиқатты паш етуге арнаған ақиық сахабалар тек уағыздаумен ғана шектеліп қалған жоқ, керекті кезінде қаруларын асынып, қасиетті соғыстарға да қатысты.[7]
Олардың арасынан ең көп хадис риуаят еткен Әбу Һурайра, сонымен қатар Бәрә ибн Малик, Абдуллаһ ибн Үнәйс сынды ғалым, тақуа сахабалар шықты. Құран кәрімнің және хадис шәріптердің жатталып, мағыналарының кейінгілерге дұрыс жетуінде бүкіл қиындықтарға төзе білген, білімге құштар жанқияр суффа асхабы табандылықтарының орны ерекше.[7]
Аз уақыт болсын Пайғамбарымызды (с.а.у.) көзі көріп, иман еткен адам «сахаба» деп аталғанымен Ислам дінінің кең тарап, қанат жаюы жолында танытқан ерен ерліктері мен жанқиярлығы жағынан дәрежелері әртүрлі С-лар бар. Дін жолындағы бүкіл соғыстарға немесе кейбіреулеріне қатысулары, Аллаһ Расулымен (с.а.у.) бірге мүшріктерден жапа шегіп, олардан азап көрулері, малмүліктерін, бала-шағалары мен үй-жайын тастап, басқа мемлекетке көшуге мәжбүр болуы, сол сияқты дін жолында шейіт болуы тұрғысынан алғанда, олардың арасындағы сахабалар дәрежелерінің әртүрлі болуы табиғилық. С-лардың арасындағы бұл дәреже айырмашылығын хадис ғалымы Хаким ан-Нисабури былайша көрсетеді:[8]
Пайғамбарымыз көз жұмған кезде өмір сүрген Сахабалардың жалпы саны жайлы нақты мәлімет жоқ десек те, Ислам тарихына байланысты жазылған классик, кейбір еңбектерде жүз мың сахабаның болғандығы айтылған.[10]
Мысалы, қоштасу қажылығына 40 мың, Тэбук жорығына 70 мың С-ның қатысқандығы жайлы Ислам тарихын байланысты шығармаларда мәліметтер бар. Имам Шафи'и Пайғамбарымызды (с.а.у.) көріп, Одан хадис риуаят еткен сахаба санының 60 мың болғандығын айтады. Меккенің алынуынан бұрын қайтыс болған сахабалардан өзге, Меккенің алынуы кезінде сахабалар алыс жақтарға тарап кеткендіктен олардың есімдерінің көбі кейінгі ұрпаққа жетпеген. Сахаба есімдерін шығармасында ең көп көрсеткен ғалым - ибн Хажар. Ол «Исаба» атты еңбегінде 11 783 сахабаның атын атайды.[11]
Сахабалар жайында жазылған негізгі шығармалар [10] | ||||||
Кітап авторы | туған, қайтыс болған жылдары-Һижри жылымен | Кітаптың атауы | Жазылған тілі | Ескерту | ||
Ибн Сағд | 168-230 | Табақатуль кубра | Араб тілінде | |||
Абу Нуғайм әл-Исбахани | 330-403 | Хилятуль Әулия | Араб тілінде | |||
Әбу Омар ибн Абдулбарр | 368-463 | әл-Истиғаб фи мағрифатиль асхаб | Араб тілінде | |||
Иззуддин ибе әл-Асир | 555-630 | Усдул ғаба фи мағрифатиль асхаб | Араб тілінде | |||
Ибн Хажар әл-Асқалани | 773-852 | әл-Исаба фит тамиизис сахаба | Араб тілінде |
Сахабалар ерліктері, табандылықтары мен шынайылықтарын мадақтап, дәрежелерінің қаншалықты жоғары екендігін кейінгі ұрпаққа білдіру үшін Аллаһ Құран кәрімнің көптеген аяттарында сахабалар туралы баяндалған. Олар - ең қайырлы үмбет. Бұл жайлы "Әли Имран" сүресінің 110 аятында:
"Сендер елді жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю үшін шығарылған қайырлы үмбетсіңдер" [12]-делінген.
"Мұхаммед Аллаһтың пайғамбары. Онымен бiрге болған (момын)дар кәпiрлерге қатаң, өз араларында (момындармен) болса, рахым-мейiрiмдi. Оларды әрдайым Аллаһтан кеңшiлiк-мәрхамат және разылық тiлеп бас иiп, сәжде етiп жатқан халдерін көресiз. Олардың беттерiнде сәжде iзiнен (қалған) белгiлерi бар. Мiне, осы (яғни, кәпiрлерге қатаң болу, момындарға мейiрiмдiлiк көрсету және көп намаз оқып бас иiп-сәжде ету) олардың Таураттағы мысалдары (яғни, Тауратта да Аллаһ тағала момындарды, мiне, осындай сипаттармен сипаттаған). Олардың Iнжiлдегi мысалдары болса, дәл бiр бұтақтар шығарып, қуатқа кiрген соң, жуандап, өз денесiнде тiк тұрған, диқандарды таңдандырған өсiмдiкке ұқсайды. (Момындардың әуел-баста әлсiз азшылық болып, кейiн бiрте-бiрте көбейiп, күшке толып кетулерi Iнжiлде, жоғарыда айтылғандай өсiмдiкке ұқсатылды) олар арқылы кәпiрлердi ызаландыру үшiн, Аллаһ (момындардан) иман келтiрiп, игi амалдар iстегендерге жарылқау және ұлы сауап-сый уәде еткен".[13].
"Иман келтірген, һижрат қылған және Аллаһтың жолында күрескендер және (мүһажірлерге) үй-жай беріп, жәрдем қылғандар, міне, солар шындығында момындар болып, олар үшін жарылқау мен ұлы несібе бар".[14].
Аллаһ тағала олардан разы болғандығы жайлы мына аяттарда былайша баяндалады: "Мұһажир және ансарлардың бірінші, алғашқылары және оларға игі амалдармен ергендер (болса) Аллаһ олардан разы болды және олар да Одан (Аллаһтан) разы болды. Және (Аллаһ) олар үшін астарынан өзендер ағып тұратын, олар мәңгі (тұрақты) қалатын жәннаттарды әзірлеп қойды. Міне, осы-ұлы бақыт".[15].
Ислам дінін жаю үшін машақатқа толы қиын жолда өзіне серік болып, бүкіл тауқыметті арқалаған сахабалар жайлы Мұхаммед пайғамбардың хадистері көп. Ол хадистерін бірнешесі төменде келтірілген:
"Менің сахабаларымды жамандап сөз айтпаңыздар. Егер сіздерден біріңіздің Ухут тауындай алтыны болып, оны тұтастай Аллаһ жолында бағыштаса, бұл олардың бір уыстық бағыштарына, тіпті оның жартысына да тең келмейді".[16]
"Адамдардың ең жақсылары менің ғасырымда өмір сүрген сахабалар, содан кейін олардан кейін келген (яғни табиғиндер), содан кейін де олардан кейін келгендер (табаға табиғиндер)...[17]
"Сахабаларым көктегі жұлдыздар секілді. Қайсысына ерсеңіз де тура жолды табасыз".[18]
Сахабалар ғасыры Ислам тарихында «асрус-са'адат» (алтын ғасыр) деп аталады. Себебі, олар тек өздерінің ғана емес, барша Ислам үмбетінің бақыты үшін жан аянбай күресті. Өмірде адамдар арасындағы, қара халық пен басқарушылардың, әр түрлі дін өкілдерімен қарым-қатынаста ("өзі толық болып, көршісі аш жатқан бізден емес", "бір адамның көңілін қалдыру, Қағбаны жыққанмен тең, зыммиге (мұсылмандардың басқаруын өз еркімен қабылдаған, бірақ мұсылман болмаған өзге діндегі) зәбір көрсетсе, маған зәбір көрсеткендей", "Аллаһтың алдында бүкіл адамдар тең" (ұлтына, жынысына, түсіне, қоғамдық жағдайына қарамастан) яғни, қоғамдық өмірдің барлық саласында Исламның басты ұстанымдарын жасампаз дәстүрге айналдырған сахабалар тарихта теңдесіз із қалдырды.[19]
Олар Мұхаммед пайғамбардан естіген, көргендерінің бәрін халыққа жеткізу үшін көп еңбек сіңірді. Сахабалардың арасында аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермес шешен, ділмәр кісілер де бар болатын. Осыған қарамастан олар Мұхаммед пайғамбар сөйлегенде, зейін қойып тыңдап, айтқанына мойынсұнатындықтары соншалық "оның құзырында басымызға құс қонақтағандай сас сақтық танытып, әрбір сөзіне мұқият ден қоятынбыз"[20]-дейді олар.[21]
Көзі тірісінде Жәннәтпен сүйіншіленген осы он кісіден бөлек басқалар да бар. Алайда есімдері бірге аталған сахабалар осылар. Аттары аталмаған басқа сахабалар жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар.[22]
Мұхаммед пайғамбар хадисінде былай деген: "Мына кісілер Жәннатқа кіреді:
Жәннатпен сүйншіленген он сахабаның туған, қайтыс болған жылдары [30] | ||||||
Есімдері | Арабша жазылуы | туған жылы | Қайтыс болған жылы | |||
Әбу Бәкір | أبو بكر | c. 570 | 634 | |||
Омар | عمر بن الخطّاب | 584 | 644 | |||
Осман ибн Аффан | عثمان بن عفّان | c. 579 | 656 | |||
Әли ибн Әбу Талиб | علي بن أﺑﻲ طالب | c. 599 | 661 | |||
Талха ибн Ұбайдуллаһ | طلحة بن عبيد الله | c. 597 | 656 | |||
Зүбәйір ибн Әууәм | الزبير بن العوّام | 594 | 656 | |||
Абдуррахман ибн Ауф | عبد الرحمن بن عوف | ? | c. 652 | |||
Сағд ибн Әбу Уаққас | سعد بن أبي وقّاص | 595 | 664 | |||
Әбу Ұбайда ибн Жаррах | أبو عبيدة بن الجراح | 584 | 640 | |||
Сағид бин Зәйд | سعيد بن زيد | c. 594 | 673 |
Көзі тірісінде жәннәтпен сүйіншіленген Ашрату мубашшара сахабаларынан бөлек басқада сахабалар болған. Алайда есімдері бірге аталған сахабалар Ашрату мубашшара сахабалары. Аттары аталмаған басқа сахабалар жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар.[31]. Демек, Аллаһ тағала разы болған құлдарын Жәннатқа кіргізері сөзсіз.
Тірі кездерінде жәннаттық деп сүйіншіленген басқа сахабалар[32]
Әл-Ұсайрим Амр ибн Сәбит, (Арабша: الأصيرم عمرو بن ثابت) - Ұсайрим Ислам дінін қабылдап6 Қаталия шайқасына қатысады. Шайқаста Ұсайрим шейіт болып, намаз оқи алмай кетеді. Себебі күн шыққан соң иман келтіріп, мұсылман болған Ұсайрим, бесін намазының уақытына дейін жете алмай жан береді.[32]
Алғашқы ислам мемлекетінде Мұхаммед пайғамбардан кейінгі билік басына келген төрт халифа әділдікті орнату, халықты жоқшылық пен азғындықтан құтқару, мейірімділік пен жанашырлық, халықты бір-бірінен бөле-жармай бәріне тең қарау секілді қасиеттері арқылы қайталанбас, біртуар басшылар ретінде адамзат тарихының абыройлы беттеріне ойып тұрып орын алды. Мұхаммед пайғамбар хадисінде былай деген: "Аллаһ сахабаларымды пайғамбарлардан өзге бүкіл адамдардан абзал етті. Әсіресе, мына төрт кісіні: Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлиді қайырлы етті" [24].
Әділетті халифалардың ел басқарған жылдары-Христиан жыл санағы бойынша [33]
Халифа есімі | Халифалық жылы | туған, қайтыс болған жылы |
---|---|---|
Әбу Бәкір | 11 жыл - 13 жыл | Һижреттен бұрын 38 жыл - 13 жыл |
Омар ибн әл-Хаттаб | 13 жыл - 23 жыл | һижреттен бұрын 27 жыл - 23 жыл |
Осман ибн Аффан | 23 жыл - 35 жыл | һижреттен бұрын 33 жыл - 35 жыл |
Әли ибн Абу Толиб | 35 жыл - 40 жыл | һижреттен бұрын 11 жыл - 40 жыл |
Отыз жылдық бұл қысқа заман "Хулафаур Рашидин дәуірі" (әділетті, турашыл халифалар) деп аталады. Осы уақыт аралығында мемлекет басқару ісінде исламдық басқарудың ең тамаша үлгісі көрсетілді. Төрт халифада ел билеген кезеңінде қарапайымдылық пен кішіпейілділікті паш етіп, жұрт сүйіспеншілігіне бөленді.[35].
Мұхаммед пайғамбар тұсында өмірін Құран мен хадис үйренуге арнаған, діни мәселелерді шешуде үлкен беделге ие ерекше сахабалар болды. Олар халыққа Құран аяттарын пайғамбардан үйренгендеріндей түсіндіріп, діни үкімдер шығарып, бұқараның руханиятына ықпал етіп отырған. Мұхаммед пайғамбар олардың көбісін халыққа Ислам дінін үйрету үшін жан-жаққа мұғалім етіп жіберген. Бұлардың алғашқысы әділетті төрт халифа. Олардан кейінгі сахабалар өз араларындағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.[36]
Бұлар Құран кәрімді ең жақсы білген, керемет оқыған әрі жатқа білген сахабалар. Олар өмірлерінің, уақыттарының көпшілігін Құран үйретуге арнағандар. Олардың арасындағы мәшһүрлері мыналар[37]:
Әйелдерден[38]:
Бұл топтағылар Мұхаммед пайғамбардан естігендерін жаттап , оның іс-әрекетін қаз-қалпында басқаларға жеткізуді өздерінің басты парызы деп білген сахабалар. Олар Мұхаммед пайғамбардың бірде-бір сөзінің із-түзсіз жоғалып кетпеуіне аса ұқыптылық көрсетіп, кейінгілерге жеткізу үшін барлық күштерін салған. Ең көп хадис риуаят еткен (мыңнан аса) сахабаларға терминологияда "муксируун" делінеді. Олар мыналар:[39]
Хадис риуаят еткен сахабалармен қоса діни мәселелер бойынша пәтуалар айтқан сахабалар да көп болған. Олардың ең алғашқылары - әділетті төрт халифа. Пәтуалары Ислам тарихына байланысты шығармаларда көрсетілген сахабалардың кейбірі мыналар:[40]
Сахабалардың арасында 200-ге жуық, басқа бір риуаят бойынша 300-ге жуық Абдуллаһ есімді сахаба болған деседі. Бұлардың арасында діни мәселе төңірегінде аттары әйгілі 4 абдуллаһ бар. Оларға терминологияда төрт Абдуллаһ мағынасын білдіретін "абадила арбаға" делінеді. Мұхаммед пайғамбар дүниеден озған соң, көптеген мәселенің шешімі жайында Ислам ғалымдары осы төрт сахабаның көзқарастарына көбірек жүгінген. Олардың бір мәселе төңірегінде төртеуінің де бірдей келісімге келуіне "қаулул Абадила" (төрт Абдуллаһтың келіскен пікірлер) термині қолданылады. Ол 4 сахабаның есімдері мыналар:[41]
Дар әл-Арқам бин Әби әл-Арқам есімді адамның үйі. Ислам діні ашық жария етіп насихатталғанға дейін Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабалары осы жерде жасырынып намаз оқыған. Бұл жерде Омар бин Хаттаб Ислам дінін қабылдаған. Мәсжид Харамда намаз оқып болған мұсылмандар мешіттің осы жерінен шыққан.[42]
Дар әл-Арқамда жиналған сахабалар:
Құранда аты аталған жалғыз сахаба – ЗӘЙД ИБН ХАРИСА (575-629)
Зәйд ибн Хариса ұлты Йемендік. Кәлб руынан шыққан және христиан жыл санағы бойынша шамамен 575, басқа дерек бойынша 588[43] жылы дүниеге келген. Толық есімі Зәйд ибн Хариса ибн Сураһил әл-Кәлби. Сахабалардың арасында Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне бөленгендігі себепті әл-Хубб және ұлының есіміне сәйкес Әбу Усама деп те атала беретін. Әкесінің есімі Хариса, ал шешесі Суғда бинти Сағлаба.[44]
Бір күні Мұхаммед пайғамбар денсаулығы жамағатқа намаз оқыта алмастай дәрежеде нашарлап кетеді.
Пайғамбардан намазды кімнің оқытатыны сұралғанда,: – Әбу Бәкірге айтыңыздар, намазда имам болсын! – дейді.
Бұдан кейін ол мұсылмандарға имам болып, он жеті рет намаз оқытты. Тіпті бір таң намазында пайғамбарға имамдық ету бақытына да ие болды.[45]
Құранды жазып алушы сахабалар аяттарды кез келген қолайлы затқа (қағаз, ағаш, тас, терi, сүйек, т.с.с.) жазып отырған. Ислам деректерiне қарағанда, Құран Кәрімдi хатқа түсiрушiлер саны – жиырма тоғыз болған. Олардың iшiнде төрт халифа Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли және басқа сахабалар:
Құран Кәрім Мұхаммедке уахи арқылы түскен. Уахи сөзі - жасырын сөйлесу, сыбырлау, айту, сөйлеу, ишара ету деген мағыналарға келеді[47]. Уахи – Аллаһ тағаланың адамдарға білдіретін илаһи әмірі, жарлығы мен тыйым салуы және басқа да барлық хабарларын Жебірейіл періште арқылы яки бізге беймәлім жолмен тікелей пайғамбарларына жеткізуі [48]. Аллаһ Тағала пайғамбар-елшілеріне кез‑келген қалаған құбылысты не оқиғаны уахи арқылы білдіреді. Уахидің қандай болатындығы мен қалай әсер ететіндігі беймәлім, ол Аллаһ пен пайғамбар арасындағы сырлы сөйлесу халі. Осы уахи етілген Құран аттарын жазыа отыратын хатшы сахабалар болған.[49]
Олардың кейбірі:
Мұхаммед пайғамбар өз сөзінде былай деген: “Құранды мына төртеуінен үйреніңдер:[50]
Мұхаммед пайғамбардың елші етіп жіберген сахабалары [51] | ||||||
Есімі | Арабша | Руы-тайпасы - Шыққан жері | Жіберілген елі | Патша немесе басшы есімі | Ескерту | |
---|---|---|---|---|---|---|
Амр ибн Умая | عمرو بن أمية | Бәни Дамра | Эфиопия | Нажаши патша | ||
әл-Ғалау бин әл-Хадрами | العلاء بن الحضرميّ | Хадрамауттан | Бахрейн | әл-Мунзир ибн Сәуи патша | ||
Абдуллах ибн Хузафа | عبد الله بن حُذَافة | Бәни Сәһм | Парсы елі | Кисро патша | ||
Дихйя ибн Халифа | دِحْية بن خليفة | Бәни Кәлб | Рум империясы | Қайсар - Гераклюс | Жәбірейіл періште кейде Мұхммедке уахиді
адам бейнесіне әкелетін. Бұл уахи алудың ең жеңіл түрі. Риуаят бойынша, Жәбірейіл көбіне Дихйя есімді сахабаның бейнесінде келетін болған[52] | |
Хатыб ибн Әби Бәлтаға | حاطب بن أبي بلتعة | Бәни Лахм | Мысыр | Муқауқас патша | ||
Сәлит ибн Амр | سَلِيط بن عمرو | Бәни Амир | Ямама | Һәузә ибн Али | ||
Шужағ ибн Уәһб | شجاع بن وهب | Бәни Әсәд | Дамаск | әл-Харис ибн Әби Шәмір | ||
Мусғаб ибн Ұмәйр | مصعب بن عمير | Мекке тұрғыны | Медине қаласына | Медине халқы | Мединеліктерге Исламды үйрету үшін жіберілген алғашқы елші | |
Муаз ибн Жәбәл | معاذ بن جبل | Ансарлардан | Йемен | Йемен халқы | Йемендегі Әһли китап (Кітап иелері: яһудилер мен христиандар)
қоғамына Исламды үйрету үшін жіберілген | |
Харис ибн Үмәйр | الحارث بن عمير الأزدي | Грекия | Грек патшасына | Шам әкімі Шархабил ибн Амр әл-Ғссани тарапынан өлтіріледі. Харис ибн Үмәйр Пайғамбардың елшілерінен – ең алғашқы әрі соңғы шейіт. |
Ибн Омардың айтуы бойынша, Мұхаммед пайғамбардың екі азаншысы болған. Оның бірі – Біләл әл-Хабаши, екіншісі – Абдуллаһ ибн Умми Мактум.[53]
Ислам дінінің қанат жайып, кең тарауында ер сахабалар қалай қызмет етсе, жаужүрек ұрпақ тәрбиелеп, Аллаһ пен оның пайғамбарының жолында солардан қалыспай шыбын жанын пида еткен әйел сахабалар да болған. Олардың қатарында жәннатпен сүйіншіленіп, Құранда аттары аталып, Мұхаммед пайғамбардың ілтипатына ие болған, һижрет еткен, соғыстарға қатысып ерлік көрсеткен, Аллаһ үшін шейіт болуды аңсаған, қолынан келген жақсылықты аямай, қиындықтарға төзе білген жанқияр сахабалар да бар.
Сахаба аналардың ең әуелгілері ретінде Мұхаммед пайғамбардың өмірін әрлеп, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсеткен оның пәк жұбайлары келеді. Олар - муминдердің анасы, уахи көктен құйылып түсіп жатқанда пайғамбарға серік болған, Аллаһтың әмірлерін, әсіресе, жанұяға байланысты ой-шұқырлы мәселелерін бізге жеткізген мүбәрак жандар.
Ислам діні келген кезде алғаш иман келтірген адам ол әйел. Ол бақытты әйел - мүминдердің анасы Хадиша.
Тектілік жағынан хазіреті Фатима. Өз дәуірінде ілімі жағынан кемел, діни қызметтерімен пайғамбардың үйреткенін тарату жолында Айша ана өзі бір бөлек төбелік танытқан.[54]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.