From Wikipedia, the free encyclopedia
Сасықкөл — Алакөл қазаншұңқырының солтүстік-батыс жағында орналасқан көл.
Сасықкөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Өлшемі | 49,6 × 19,8 км |
Ауданы | 736 км² |
Көлемі | 2,43 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 182 км |
Тереңдігі | 4,7 м |
Орташа тереңдігі | 3,32 м |
Су алабы | |
Құятын өзендер | Тентек, Қаракөл, Ай |
Орналасуы | |
46°34′21″ с. е. 80°54′55″ ш. б.46.57250° с. е. 80.91528° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақтар | Жетісу облысы, Абай облысы |
Аудандар | Алакөл ауданы, Үржар ауданы |
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). |
Жетісу облысы Алакөл ауданы мен Абай облысы Үржар ауданы жерінде орналасқан көл.
Ауданы 736 км2 (аралдарымен қоса есептегенде 747 км2), ұзындығы 49,6 км, ені 19,8 км, жағасының ұзындығы 182 км, орташа тереңдігі 3,32 м (ең терең жері 4,7 м). Суының көлемі 2,43 млрд. м3. Шарасының түбі тегіс, батыстан шығысқа қарай аздап еңкіштеу келеді. Қарашаның аяғында қатып (ақпандағы қалыңдығы 60 — 62 см), сәуірдің бас кезінде мұзы ери бастайды. Көктемде су деңгейі көтерілген кезде Ұялы (Қошқаркөл) көлімен (Алакөл мен Сасықкөл аралығында) жалғасып кетеді. Деңгейінің жылдық ауытқуы 0,65 м.
Оңтүстік-шығыс бөлігінде Аралтөбе түбегі (абсолютiк биіктігі 117 м), солтүстік-батысында Аралтөбе аралы бар. Көл жағасы аласа, қамыс өскен. Сасықкөлге Тентек, Қарақол, Ай өзендері құяды.
Суының минералдылығы 0,27 г/л — 2,16 г/л, мөлдірлігі 0,2 — 2,6 м. Көл суы химиялық құрамына қарай гидрокарбонатты келеді.
Көлде балықтың 8 түрі бар (сазан, көксерке, алабұға, көкбас, т.б.). 1946 жылы мұнда Алакөл мемлекеттік ондатр шаруашылығы құрылып, 1956 жылдан ондатр терісі дайындалды. Көлде үйрек, қаз, бірқазан, аққу, балықшы, шағала, жағалауындағы қамыс арасында қабан, түлкі, мәлін (теңбіл мысық), т.б. мекендейді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.