From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарытау – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілеміне кіретін жекелеген тау жотасы.
Сарытау тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
25 км |
Ені |
10-12 км |
Биіктігі |
2073 м |
Орналасуы | |
42°21′55″ с. е. 70°48′21″ ш. б.42.36528° с. е. 70.80583° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан, Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде |
| |
|
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 2073 м. Ұзындығы 25 км, енді жері 10-12 км. Шығысында – Ақсу, батысында Бүйен өзендерімен шектеседі.
Жер бедері солтүстік-батыс жағында көлбеу, солтүстік-шығысында өте тік. Батысы мен солтүстігіндегі беткейлері түйетайлы.
Тау палеозой эрасының герцин таужасалу кезеңінде қалыптасқан. Кейінгі тектоникалық қозғалыстар кезінде негізгі жоталардан бөлінген. Геологиялық жыныстары кристалдық тақтатастардан, кварцит пен құмдауыттан тұрады.
Тау қоңыржай белдеудің тұран континентальдық аймағына жатады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-750 мм. Қаңтардың орташа температурасы -12 -16°С, шілдеде 16-20°С.
Етегінен төбесіне қарай қызғылт қоңыр топырақ әлсіз қордалы қара топыраққа алмасады. Селеулі-бетегелі шалғын 2000 м биіктікте шырша мен самырсынға, көктерек, қайың, шетен аралас орманға айналады. Солтүстік-батыс етегінде көне Тұрсынөде кенішінің орны сақталған. Баурайында бірнеше бұлақ көздері бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.