From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарытау – Кішітау тауларының солтүстік-батысындағы тау.
Сарытау | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы |
8 км |
Ені |
4,5 км |
Биіктігі |
530 м |
Орналасуы | |
48°21′37″ с. е. 66°19′07″ ш. б.48.36028° с. е. 66.31861° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Боздақ ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
Абсолюттік биіктігі 530 м. Бойлық бағытта созылып жатқан таудың жалпы ұзындығы 8 км, енді жері 4,5 км. Біршама көтеріңкі келген орта тұсының беткейлері тіктеу, төменде жайпақ дөңесті келген. Солтүстік етегінде жауын-шашыннан уақытша пайда болған шұқанақтар (жырмалар) кездеседі. Батысында бұлақ көздері бар. Оңтүстігінде Балабай бейіті орналасқан.
Атырабының қиыршықтасты сұр, сортаңды сұр топырағында жусан, баялыш, бұйырғын, ебелек, изен, т.б. шөптесіндер өседі. Сарытау мал жайылымына қолайлы.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.