From Wikipedia, the free encyclopedia
Аккадтық Саргон (немесе Ұлы Саргон, 𒊬𒊒𒄀 = Šar-ru-gi)[2]) —— Аккад империясының алғашқы билеушісі, ол б.з.д 23-24ғғ-да Шумер қала-мемлекеттерін бойсұндыруымен танымал.[3] Ол әдетте жазба тарихтағы көпұлтты, орталықтандырылған империя құрған Тұңғыш билеуші деп есептеледі.[4]
Ол "Саргондық", немесе "Көне Аккадтық" деп аталатын әулеттің құрушысы болды, бұл әулет Гутилер патшалығы Шумерді бағындырғанға дейін империяға бір ғасырдай үстемдік етті.[5] Шумер патшалары тізімінде Саргон Киш патшасы Ур-Забабаның шарап тасушысы болған.[6] Аккадтық Саргонды кейінгі Көне Ассирия империясы кезеңіндегі Саргон І патшамен шатастыруға болмайды.[7]
Аккадтық Саргонның империясы (архиологиялық анықталмаған) астанасы Аккад (тағы Агаде (Agade)) қаласын негіз етіп, Месопотамияның көп бөлігін, Леванттың біршама бөліктерін өзіне қосып алды, Хурриттер (Hurrite) мен Эламдарға (Elamite) дейін шабуыл жасады деп есептеледі.
Билігінің алғашқы жылдарында ол Жоғарғы Месопотамияда өз билігін күшейтеді. Батысқа, яғни Сирияға бірнеше жорық жасаған Саргон ежелгі Киш елінің патшасын құлатып, орнына өзі отырды. Кишті қалпына келтіріп, халықтың сол жерде тұрғылықты қоныстануына жағдай жасайды.
Саргон .з.д. 7-8ғғ-да Жаңа Ассирия әдебиетінде аңызға айналған ғажайп тұлға ретінде көрінеді. Саргонның туылуы туралы аңыз фрагменттері бар тақтайшалар Ашурбанипал кітапханасынан (Library of Ashurbanipal) табылды.[8][9][10]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.