![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3f/Bernhard_Otto_Holtermann_with_630lb_gold_from_Hill_End.jpg/640px-Bernhard_Otto_Holtermann_with_630lb_gold_from_Hill_End.jpg&w=640&q=50)
Сап алтын
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сап алтын - алтын құрамындағы күмістің (43 % -не дейін) қатты ерітіндісі түрінде кездесетін минерал.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3f/Bernhard_Otto_Holtermann_with_630lb_gold_from_Hill_End.jpg/640px-Bernhard_Otto_Holtermann_with_630lb_gold_from_Hill_End.jpg)
Кубтық сингонияда кристалданады, жеке кристалдарыоктаэдр, ромбылық додекаэдр, куб сияқты болады.
Түсі қанық және солғын сары, қызғылт. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2,5 Тығыздығы 19700-16800 кг/m².
Түйірлерінің ірілігіне қарай Сап алтын
- нәзік дисперсті (1-5 мк),
- тозаң тәрізді (5-50мк),
- ұсақ түйірлі (0,05-2мм),
- ірі түйірлі (2 мм-ден жоғары) болып ажыратылады.
Салмағы 5 грамнан жоғары Сап алтын арнаулы есепке алынады. Сап алтынның ірі кесектері Австралияда ("Холтерман плитасы" - жыныс кесектерімен қоса285 г, "Сүйкімді бейтаныс" - 70,9 кг, "Күткен қонақ" - 68,1 кг), Оралда ("Үлкен ұшбұрыш" немесе "дүниежүзілік монстр" - 36,2 кг), Ленада табылды.
Шығыс Қазақстанда революциядан бұрын салмағы 32 фунттық, Ұлы Отан соғысы жылдары 20 кг-дай, 1966 ж. Бестөбе алтын кенінде 900 г Сап алтын кесектері табылды.
Сап алтын кварц желілерінің жарықшаларында пирит, арсенопирит, пирротин т.б. сульфидтермен бірге ұшырайды. Ағынды су арқылы кесек жыныстармен бірге көшкенде қажалады, жұмырланады, пішіні өзгереді.