Сапа басқарудың жеті әдіснамасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сапа басқарудың жеті әдіснамасы (Seven Basic Tools of Quality) — Q7 (қазақша С7) деп те аталады, сапа менеджментінің жеті түрлі көп қолданылатын әдістері айтылады. Олар[1][2][3]:
- Исикава диаграммасы (Ishikawa diagram) - нәтижеден себептерге қарай талдау жасап, жарамсыз себептерді тауып шығу жүйесі;
- Тізгіндеу картасы (Control chart) - үлгінің орташа мәнін негіз етіп, жоғары төмендік шегін анықтау, жеті әсерге (Rule of 7) мән беру;
- Парето диаграммасы (Pareto chart) - менеджмент сапасын тексеруде және сапалылықты іске асыруда қолданылатын әдіснама;
- Гистограмма (Histogram) - статистика әдісі арқылы сандық анализ жасау әдіснамасы;
- Тексеру кестесі (Check sheet) - сандық және сапалық деректерді тауып, нақты тексеруді іске асыру әдісі;
- Стратификация (Stratification) - материалды түрлерге жіктеу арқылы беталыс пен қасиетті айқындау;
- Тарқату диаграммасы (Scatter diagram) - екі айнымалы сандық шама ортасындағы оң, теріс және нөл қатыстылығы.
Бұл түрдегі диаграммаларды соғыстан кейінгі Жапониямен байланыстырады. Бұл атау Saitō Musashibō Benkei-дің жеті керемет құрал дегеніне негізделген.[4] [5] [6]