Сан-Франческо шіркеуіИталияның Ассизия қаласында орналасқан. Шіркеу әулие Франческо мазарының үстіне, 1228 жылы салынған.

Thumb
Сан-Франческо шіркеуі

Сан-Франческо шіркеуі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген және христиандардың Италиядағы мінәжат ететін жері болып табылады. Төбенің үстінде орналасқан бұл құрылыс «жоғарғы шіркеу» және «төменгі шіркеу» деген екі бөліктен тұрады. Сонымен қатар әулиелер жерленген жеке бөлме бар.

Жоғарғы шіркеу ежелгі готика үлгісінде салынған. Жоғарғы және төменгі шіркеулер фрескалармен әсемделген және Рим, Тоскан суретшілерінің ортағасырлық туындыларымен безендірілген. Шіркеу орналасқан төбе «тозақ төбесі» деп аталған. Өйткені бұл жерде бұрын қылмыскерлер өлім жазасына кесілген болатын. Кейін, шіркеу құрылысы біткен соң, төбе атауы «жаннат төбесі» деп өзгертілді. Сан-Франческо шіркеуінің сәулеті, сыртқы түрі ерлердің Қасиетті Франциска монастырына қатты ұқсайды.

Шіркеу үлгісін әулие Франческоның шәкірті Илиа Бомбардон сызып шыққан. Құрылыс жүмыстарының сапасы мен мерзіміне қарай отырып, сол заманда Италиядағы сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын анықтауға болады. Төменгі шіркеу Рим үлгісінде салынған. Негізінең аркалар мен күмбездерден тұрады.

Шіркеу құрылысы 1228 жылы басталған және әулие Франческоның рухына арналған. Төменгі шіркеуге кіреберістегі үлкен арка готика үлгісінде жасалған.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.