![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/7a/HouseOfSanStefanoTreaty.jpg/640px-HouseOfSanStefanoTreaty.jpg&w=640&q=50)
Сан-Стефан бітім шарты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сан-Стефан бітім шарты (19 ақпан (3 наурыз) 1878жыл) - 1877-78 жылғы орыс-түрік соғысын аяқтаған шарт. Балкан халықтары Османлы империясының қысымынан босау үшін маңызы зор болды.
1877-78 жылғы Орыс-Түркия соғысының нәтижесінде Ресей әскері Османлы империясының бүкіл европалық бөлімін басып алды. 1878 ж. 16 наурызда Сан-Стефанода (Константинопольдің батыс провинциясы, қазіргі Ешилькёй (Yeşilköy) Стамбулдың Бакыркёй ауданында) Ресей жағынан Константинопольдағы бұрынғы елші - граф Николай Игнатьев және Балкандағы орыс әскердің дипломатиялық кеңсенің басшысы, келешек елші - А. И. Нелидов, ал Түркия жағынан сыртқы істер министрі Савфет паша және Түркияның Германиядағы елшісі - Саадуллах-паша қол қойды.
Сан-Стефан бітім шарты бойынша:
- Черногория, Сербия мен Румыния толық тәуелсіздік алды және олардың территориясы едәуір ұлғайтылды.
- Босния мен Герцеговинаға Осман империясы құрамында автономия правосы берілді.
- Түркия Ресейге 310 млн рубль котрибуция төлеуге міндеттенді.
- Балкан түбінде ірі славян мемлекеті - Болгарияның құрылуына байланысты Ресейдің позициясы нығайды.
Англия мен Австро-Венгрияның Ресейге қарсы дұшпандық позиция ұстауы нәтижесінде Сан-Стефан бітім шарты түпкілікті болмады, оның "жалпыевропалық мүдделерге" қатысты бөлімдері халықаралық конгрессте (Берлин конгресі, 1878) қайта өзгертілді.