Сантьяго Калатрава
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сантьяго Калатрава Вальс (ис. Santiago Calatrava Valls; 28 шілде 1951) — испан нео-футуристикалық сәулетші, өнер қайраткері, құрылысшы-инженер және суретші.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін Үлгі:Тұлға үлгі-инфобоксын енгізу қажет. |
Калатрава 1951 жылдың 28 шілдесінде Валенсияда (Испания) дүниеге келген. Тұған қаласында Сәулет мектебінде, Өнер және қолөнер мектебінде дәріс алған. 1975 жылы оқуды бітіргеннен кейін, Цюрихтегі Швейцарияның жоғарғы техника мектебіне жұмысқа тұрды, сонда инженер дипломына ие болды.
Калатраваның шығармашылығына Ле Корбюзье әсерін тигізді. 1981 жылы Калатрава Цюрихте өзінің шеберханасын ашып, сол жерде сәулетші және инженер ретінде жұмыс атқарды. Оның бірінші жұмысы швейцариялық Мунхвиллендегі (1983-1985) Jakem компанияның зауыт ангары проекті болды. 1989 жылы Парижде ол өз бюросының филиалын ашты.