From Wikipedia, the free encyclopedia
Самсар — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс. Жапырағы жалпақ, қалың, үш не бес бұрышты. Кіндік тамырлы. Гүлі бір үйлі, дара жынысты, сары. Жәндіктермен тозаңданады. Жемісі — тәрелке тәрізді, шеттері тісті келеді, сырты тегіс, қырлы, түсі ақ, сары немесе жасыл (кейде сыртында жасыл жолақ немесе дақтары бар) болады. Тұқымы ірі (5 — 10 данасы — 1 г), көлемі жалпақ, асқабақ тұқымына ұқсас. Самсар жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 13 — 14ӘС-та өне бастайды, 1ӘС-та үсікке шалдығады. Жеміс салуы күзгі үсікке дейін жалғасады. Самсар тез пісетін өсімдік, диам. 10 — 15 см болатын 5 — 7 тәуліктік түйнегін қуырып, пісіріп, бұқтырып, т.б. түрде тамаққа пайдаланады. Қияр сияқты тұздайды, консервілейді. Нәзік, қытырлауық жемісі дәмі жағынан саңырауқұлаққа ұқсас, кәдімен салыстырғанда еті тығыздау. Жемістерін жеміс сағағымен бірге жинайды. Тым өсіп кеткен жемістері мал азығына пайдаланылады. Жемісінің құрамында 6 — 6,5% құрғақ зат, 2,5 — 2,9% қант, 20 — 30 мг% С витамині болады. 1 га-нан 250 ц-ге дейін өнім алуға болады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.