![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c6/The_Making_of_Harry_Potter_29-05-2012_%2528Rubeus_Hagrid%2529.jpg/640px-The_Making_of_Harry_Potter_29-05-2012_%2528Rubeus_Hagrid%2529.jpg&w=640&q=50)
Рубеус Хагрид
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рубеус Хагрид (ағылш. Rubeus Hagrid) — британдық жазушы Жоан Роулиң жазған 7 томдық қиял-ғажайып Хәрри Поттер, сиқыршы ұл туралы шығармалардағы кейіпкер, сиқырлы жануарларға қарау пәнінің мұғалімі, танғажайыптық пен сиқыр мектебі «Хогуартстың» орманшысы мен кілтінің сақтаушысы. Хәрри Поттер фильімінде Хагридтың рөлін британдық актер Робби Колтрейн сомдаған.
Сыртқы келбеті
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2023-03-10, 23:21 кезінде (14 ай бұрын) Kasymbot (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (наурыз 2016) |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c6/The_Making_of_Harry_Potter_29-05-2012_%28Rubeus_Hagrid%29.jpg/640px-The_Making_of_Harry_Potter_29-05-2012_%28Rubeus_Hagrid%29.jpg)
Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас кітабында Хагрид туралы осылай жазылған:
![]() |
...қарапайым адамнан 2 есе ұзын және 5 есе толығырақ. Ол мүмкін болуынан үлкенірек және жабайы болып көрінетін жалбыраған сақалы мен ұзын шаштары бетін жауып тұрады, қолдары қоқыс жәшігінің қақпағымен бірдей, ал былғары етіктегі аяқтары ересек дельфиндерге ұқсайды. | ![]() |
Мінезі
Хагрид — Хәрридің өміріндегі ең бірінші досы, шын жүректен оның қамын ойлайды. Хәрри, Рон және Гермионаның достығына қарап өз балалық шағын еске алады. Қарапайым және зейінсіз көрінгенімен, бұл тек алғашқы әсер. Кітаптың көп кейіпкерлерінің ойлағанынан әлдеқайда ақылды.
Отбасы
Хагридтің анасы - алып Фридвульфа. Ол күйеуін Хагрид бала кезінде тастап кетті. Хагридтың Грохх деген аналас інісі бар. Алыптарды бәрі үлкен және топас қанішер деп ойлайды, оған қоса олар Волан-де-Мортқа көмектескен, сондықтан Хагрид өзінің шығу тегін құпияда ұстайды. Хагридтің әкесі, сиқыршы, Хагрид 2 курс оқып жатқанда қайтыс болған. Қанындағы алыптардың тұқымы оған қарапайым сиқыр әсер ете алмайтын қасиет береді.
Достары
Хагридтің достары Рон, Гарри және Гермиона. Олар Хагридке кеңес алу үшін, немесе әншейін шай ішу үшін келеді, бірақ олар тісіңді сындырып алғың келмесе Хагридтің пісірген тамағын жемей ақ қою дұрыс екенін біледі. Ол Гарриге бірінші болып оның сиқыршы екенін айтқан және де шынайы сыйлық- үкі Букля мен торт берген адам. Дамблдор Хагридке толығымен сенеді, бірақ Хагрид кей кездері оның құпияларын үш досына айтып қояды.
Үй жануарлары
- Арагог(ағылш. Aragog) — Гарри Поттер жайлы кітаптағы сиқырлы жануар, сөйлейтін өрмекші, акромантул.
- Тұмсыққанат — Гарри Поттер жайлы үшінші кітапта пайда болған гиппогриф. Өлім жазасына айыпталған болатын, бірақ Гермиона, Рон және Гарридің көмегімен Сириус Блэкпен қашып кетеді.
- Азу — Рубеус Хагридтің үлкен қара иті. Хагридтің айтуынша, Азудың түрі шын мәніндегінен қаталырақ көрінеді.
- Үлпежүн — Гарри Поттер мен Пәлсапа тасы кітабындағы жануар. Музыкалық аспап даусынан ұйықтап қалады.
- Норберт — Рубеус Хагридтің айдахары.
Дереккөздер
http://www.vokrug.tv/person/show/Rubeus_Hagrid/ http://magic-britain.ru/forum/index.php?showtopic=832 http://potter-base.ru/48-rubeus-hagrid-i-ego-rost.html