From Wikipedia, the free encyclopedia
Рокки Марчиано (Қыркүйектің 1, 1923 – Тамыздың 31, 1969) - америка-италиялық боксшы. Шаршы алаңда өнер көрсетіп жүрген жылдарында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген жер бетіндегі жалғыз боксшы, ауыр салмақтағы әлем чемпионы. Рокки Марчианоны тұстастары тап осылай «Мистер Нокаут», яғни «Нокаут мырза» деп атады. Бұл, әлбетте, тасқа тұмсығы тимеген былғары қолғап шеберіне шайқастарының көбін нокаутпен аяқтағаны үшін берілген ат болаты.
Рокки_Марчиано | |
Rocco Francis Marchegiano | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Толық есімі |
Кіші Флойд Джой Мейуезер |
Лақап аты |
The Brockton Blockbuster |
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері |
Броктон, Массачутетс АҚШ |
Қайтыс болған күні |
1969 ж. тамыздың 31 (Қате өрнек: Таныс емес тыныс белгісі «{» жаста) |
Қайтыс болған жері |
Ньютон, Айова маңында |
Тұрғылықты жері |
АҚШ, Броктон, Массачусетс |
Салмағы |
ауыр салмақ |
Тұрысы |
оңқай |
Бойы |
180 см |
Қолдың қарқыны |
170 см |
Стилі |
outfighter, counterpuncher |
Бапкері |
Роджер Мейуезер |
Кәсіби карьерасы | |
Алғашқы айқасы | |
Соңғы айқасы | |
Чемпион белдігі | |
Айқастар саны |
49 |
Жеңгендер саны |
49 |
Нокаутпен жеңгені |
43 |
Жеңілгендер саны |
0 |
Тең түскендері |
0 |
Болмағандары |
0 |
Рокки Марчелджано (болашақ чемпионның шын тегі осылай еді) 1923 жылғы 1 қазанда көп жаннан құралған итальян мұғаджыры отбасында дүниеге келді. Американың Броктон қаласында туған бала кішкентайынан бейнетке араласып өсті. Үйдегілердің құрыққа сырық жалғап күн көруі үшін ол не істемеді! Тротуарлардағы мұзды да ойды, асханаларда ыдыс та жуды, жер қазып, тұрбалар да тартты. Өйткені мүгедек әкесінің отбасыны асырауға шамасы жоқ-тын. Осылай жас шыныққаннан ба, тоя тамақ ішіп жүрмесе де, Рокки тығыршықтай болып өсіп жетілді. Басқалардың ұнжырғасы түсіп кететін жұмыстан бұл ешқашан қашпайтын. Балаң денесімен ауыр жүктерді мықшыңдап көтеретін ол еш уақытта жұмысының қиындығын айтып, ешкімге шағымданып көрмепті.
Бойында бұла күші тасыған жасөспірім бос уақытында әр түрлі ойындарға қатысып тұрғанды қалады. Басында бейсболдағы көрнекті тұлғаның біріне айналып келе жатыр еді, бір күні жаттығу кезінде қолын сындырып алып, одан безуге мәжбүр болды. Ал оны сыртынан бақылап жүрген бокс бапкері Джин Калджано келесі күні-ақ өзіне шақырды. Тәжірибелі жаттықтырушы бұған дейін Роккиді рингте көрмесе де, одан нағыз қайтпас қайсар жұдырықшы шығатынына имандай сенді. Бір тәуірі, Роккиге де бокс ұнады. Алайда, онымен шындап айналысып үлгермеді, 1943 жылы флотқа алынды да, бірден әскер қатарында Британияға аттанды. Сол жақта өзі де күтпеген жерден бокс шайқастарына қатысуды бастап кетті.
Бір жолы Калджаноның үйретуі бойынша өзі ешкімге бірінші болып соқтықпайтын Рокки сырахана жанынан өтіп бара жатып, өзіне тиіскен масаң біреуді тас-талқан етіп соғып тастайды. Мұны көрген паб қожайыны ештеңеден тайсалмайтын батыл жігітті жексенбі сайын осында келіп тұруға шақырады. «Бізде ақша үшін төбелеседі, – деп түсіндірді ол. – Сен де келіп табыс таба аласың». Рокки осыдан бастап өмірінде бірінші рет жұрттың көз алдында төбелесуге кіріседі. Сол кездің өзінде оның ешбір кедергіні білмейтін ерік-жігері көрермендерді айрықша таң қалдыратын. Ол өзінің барлық туыстарының тағдыры осы шайқасқа байланып тұрғандай жанын салып ұрыс салатын. Сондықтан өзінен техникасы асып тұрғандардың өзін ұтып кететін. Ал флоттан босағасын былғары қолған шебері мансабын армандап келген Марчиано бірден Эл Вейл деген белгілі бокс іскерінің қолына түсті. Оның еңбегі арқасында көп ұзамай «Броктоннан шыққан даңқты баланың» атағы бокс әуесқойлары арасына кеңінен тарады.
Ақыры Роккидің жоғары атақ үшін шайқасатын күні де туды. Ол осы тақта отырған өзінен тоғыз жас үлкен Джо Уолкоттқа қарсы шықты. Жұрт бестен бір үлесімен Марчианоның жеңетініне бәс тікті. Ал жас перімен 15 раунд ұстасуға күші жетпейтінін шамалаған чемпион шайқасты алғашқы раундтарда-ақ аяқтауға тырысты. Содан болар, Рокки екінші раундта өміріндегі екі нокдаунының біріншісін алды. Сол кезде жеңісті соған жазғандардың біразы өкініп қалды. Ал Джо оны екінші мәрте нокдаунға жібергенде, «Броктоннан шыққан даңқты баланың» жеңетініне енді ешкім сенген жоқ.
Алайда, ұрыс жалғасып жатты. Тоғызыншы раундта чемпион шынтағымен қарсыласының басындағы ескі жарақатының орнын қағып жіберді. Бұл Роккидің жағдайын қиындата түсті. Оның орнында болған кез келген боксшы бұдан кейін ұрысын тоқтатар еді. Тек Рокки емес! Ол құдды бір басқаша жаратылған тұлға сынды өршелене алға ұмтылды. Он бірінші раундта шайқас шарықтау шегіне жетті. Джо мұнда Роккидің мұрнын бұзып жіберіп, бір көзін алаңсыз ашылмайтын етіп тастады. Жас пері сонда қайтпады. Үзілісте секунданттар оның ештеңе көрмей қалған көздерін тамшы құю арқылы аздап ашып берді. Ал келесі раундта Рокки рингтің қожайыны бола бастады. Ақырында қатты соққымен берілген хук Джоны етпетінен түсірді. Бір кезде рефери қанға бөккен Роккидің қолын жоғары көтеріп, оны әлемнің он тоғызыншы чемпионы деп жариялады…
Осыдан кейін Рокки Марчианоның атағы қалай аспандағанын, қалай байығанын айтпаса да түсінікті. Осы даңққа қызғана қараған атақты Джо Луис бұл кезде рингті тастап кеткеніне біраз болғанына қарамастан, онымен айқасқа шығып көрді. Ол да қырғын текетірес үстінде өтіп, ақыр соңында Роккидің нокаутпен жеңуімен тынды. Бұдан кейін де шаршы алаңды теңселдірген талай ұрыстар болды. Солардың бәрінде қарсыластарынан басым түскен Рокки Марчиано анасы мен әйелінің көптен бері құдайдың зарын қылып, айтып жүрген өтініштеріне орай, 1956 жылғы сәуірде әлемнің бес дүркін чемпионы атанып барып, сүйікті кәсібімен айналысуды біржола қойды.
1969 жылғы жаздың соңғы күні ауа райы керемет тамылжып тұр еді. Осы күні әлденеше ондаған қала сыртында адам көктің жүзін тілгілеп ұшып жүрген шағын ұшаққа тапжылмай көз салып тұрды. Бұған себеп, кең аумақты алып жатқан жүгері алқабының үстінде самғаған шағын ұшақ тізгінінде Американың мақтанышы және елдің тірі аңызы Рокки Марчиано отырған. Кенет сол ұшақ сілкініп қалды да, ауада бірнеше рет айналып, төмен қарай құлдилай жөнелді.
Жерге келіп, тасқа соққан ұшақтан түк қалған жоқ. Оны басқарып отырған жиырмасыншы ғасырдың ең жарқын боксшыларының бірі осылай оқыс жағдайда опат болды. Бірнеше сағаттың ішінде бұл қайғылы оқиға бүкіл әлемге тарап үлгерді. Боксқа тәңірідей табынатын жанкүйерлер арасында бұған селт етпегендері кемде-кем.
49 жеңіс (43 нокаут, 6 шешім), 0 жеңіліс, 0 тең[1] | |||||||
Res. | Record | Қарсыласы | Түрі | Раунд саны | Күні | Өткен орны | Қосымша мәліме |
Жеңіс | 49–0 | Archie Moore | KO | 9 (15) | 21/09/1955 | Yankee Stadium, Bronx, New York, АҚШ | Retained World Heavyweight title. |
Жеңіс | 48–0 | Don Cockell | TKO | 9 (15) | 16/05/1955 | Kezar Stadium, San Francisco, California, АҚШ | Retained World Heavyweight title. |
Жеңіс | 47–0 | Ezzard Charles | KO | 8 (15) | 17/09/1954 | Yankee Stadium, Bronx, New York, АҚШ | Retained World Heavyweight title. 1954 Fight of the Year by The Ring Magazine. |
Жеңіс | 46–0 | Ezzard Charles | UD | 15 | 17/06/1954 | Yankee Stadium, Bronx, New York, АҚШ | Retained World Heavyweight title. |
Жеңіс | 45–0 | Roland La Starza | TKO | 11 (15) | 24/09/1953 | Polo Grounds, New York, New York, АҚШ | Retained World Heavyweight title. 1953 Fight of the Year by The Ring Magazine. |
Жеңіс | 44–0 | Jersey Joe Walcott | KO | 1 (15) | 15/05/1953 | Chicago Stadium, Chicago, Illinois, АҚШ | Retained World Heavyweight title. |
Жеңіс | 43–0 | Jersey Joe Walcott | KO | 13 (15) | 23/09/1952 | Municipal Stadium, Philadelphia, Pennsylvania, АҚШ | Won World Heavyweight title. 1952 Fight of the Year by The Ring Magazine. |
Жеңіс | 42–0 | Harry Matthews | KO | 2 (10) | 28/07/1952 | Yankee Stadium, Bronx, New York, АҚШ | World Heavyweight Title Eliminator. |
Жеңіс | 41–0 | Bernie Reynolds | KO | 3 (10) | 12/05/1952 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 40–0 | Gino Buonvino | KO | 2 (10) | 21/04/1952 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 39–0 | Lee Savold | RTD | 6 (10) | 13/02/1952 | Convention Hall, Philadelphia, Pennsylvania, АҚШ | |
Жеңіс | 38–0 | Joe Louis | TKO | 8 (10) | 26/10/1951 | Madison Square Garden, New York, New York, АҚШ | Joe Louis retired after. |
Жеңіс | 37–0 | Freddie Beshore | KO | 4 (10) | 27/08/1951 | Boston Garden, Boston, Massachusetts, АҚШ | |
Жеңіс | 36–0 | Rex Layne | KO | 6 (10) | 12/07/1951 | Madison Square Garden, New York, New York, АҚШ | |
Жеңіс | 35–0 | Willis Applegate | UD | 10 | 30/04/1951 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 34–0 | Art Henri | TKO | 9 (10) | 26/03/1951 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 33–0 | Harold Mitchell | TKO | 2 (10) | 20/03/1951 | көрермендер залы, Hartford, Connecticut, АҚШ | |
Жеңіс | 32–0 | Keene Simmons | TKO | 8 (10) | 29/01/1951 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 31–0 | Bill Wilson | TKO | 1 (10) | 18/12/1950 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 30–0 | Ted Lowry | UD | 10 | 13/11/1950 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 29–0 | Johnny Shkor | TKO | 6 (10) | 18/09/1950 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 28–0 | Gino Buonvino | TKO | 10 (10) | 10/07/1950 | Braves Field, Boston, Massachusetts, АҚШ | |
Жеңіс | 27–0 | Eldridge Eatman | TKO | 3 (10) | 05/06/1950 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 26–0 | Roland La Starza | SD | 10 | 24/03/1950 | Madison Square Garden, New York, New York, АҚШ | |
Жеңіс | 25–0 | Carmine Vingo | KO | 6 (10) | 30/12/1949 | Madison Square Garden, New York, New York, АҚШ | |
Жеңіс | 24–0 | Phil Muscato | TKO | 5 (10) | 19/12/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 23–0 | Pat Richards | TKO | 2 (8) | 02/12/1949 | Madison Square Garden, New York, New York, АҚШ | |
Жеңіс | 22–0 | Joe Dominic | KO | 2 (10) | 07/11/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 21–0 | Ted Lowry | UD | 10 | 10/10/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 20–0 | Tommy DiGiorgio | KO | 4 (10) | 26/09/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 19–0 | Pete Louthis | KO | 3 (10) | 16/08/1949 | New Page Arena, New Bedford, Massachusetts, АҚШ | |
Жеңіс | 18–0 | Harry Haft | KO | 3 (10) | 18/07/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 17–0 | Don Mogard | UD | 10 | 23/05/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 16–0 | Jimmy Evans | TKO | 3 (10) | 02/05/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 15–0 | Jimmy Walls | KO | 3 (10) | 11/04/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 14–0 | Artie Donato | KO | 1 (10) | 28/03/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 13–0 | Johnny Pretzie | TKO | 5 (10) | 21/03/1949 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 12–0 | Gilley Ferron | TKO | 2 (6) | 14/12/1948 | Convention Hall, Philadelphia, Pennsylvania, АҚШ | |
Жеңіс | 11–0 | James Patrick Connolly | TKO | 1 (8) | 29/11/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 10–0 | Bob Jefferson | TKO | 2 (6) | 04/10/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 9–0 | Gilbert Cardone | KO | 1 (4) | 30/09/1948 | Uline Arena, Washington, АҚШ | |
Жеңіс | 8–0 | Bill Hardeman | KO | 1 (6) | 20/09/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 7–0 | Humphrey Jackson | KO | 1 (6) | 13/09/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 6–0 | Jimmy Weeks | TKO | 1 (6) | 30/08/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 5–0 | Eddie Ross | KO | 1 (6) | 23/08/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 4–0 | Bobby Quinn | KO | 3 (4) | 09/08/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 3–0 | John Edwards | KO | 1 (4) | 19/07/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 2–0 | Harry Bilzerian | TKO | 1 (4) | 12/07/1948 | Род-Айленд көрермендер залы, Провидения, Род-Айленд, АҚШ | |
Жеңіс | 1–0 | Lee Epperson | KO | 3 (4) | 17/03/1947 | Valley Arena, Holyoke, Massachusetts, АҚШ | Pro debut for Marciano who used name Rocky Mack. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.