From Wikipedia, the free encyclopedia
Мертон Роберт Кинг (1910 жылы) - қазіргі құрылымдық функционализмнің өкілі. Ол өзінің алдындағы функционалистердің функция қоғамның жеке бөлікгері арасындағы байланысты нығайтып, олардың өзара әсерін камтамасыз етеді деген тұжырымдамасына өзгертулер енгізеді. Оның пайымдауынша бір құбылыстың әртүрлі функциялары болатыны сияқты, бір функция әртүрлі құбылыстармен орындалуы мүмкін. Мертон мынандай үш негізгі постулатты береді:
Robert K. Merton | |
---|---|
Сурет:Robert K Merton.jpg | |
Дүниеге келгені: |
1910 ж. шілденің 4 Philadelphia, PA |
Қайтыс болғаны: |
2003 ж. ақпанның 23 (92 жаста) New York City, NY |
Мансабы: | Sociologist |
Known for | Advancements in the field of sociology |
Жұбайы: | Harriet Zuckerman, Suzanne Carhart |
Балалары | Vanessa Merton, Robert C. Merton, Stephanie Merton Tombrello |
Мертон әртүрлі мақсатта әрекет ететін адамдардың қылықтары функционалды болатынына өзінше түсініктеме берді. Бүл үшін ол анық және латентік (жасырын) функциялардың айырмашылығын енгізді. Анык функция дегеніміз алдын ала ойластырылған әрекеттің нәтижесі және солай сипатта мойындалады (ойша түрткінің объективті нәтижесімен сәйкес келуі). Латенттік функция дегеніміз — әрекет етушінің ойында жоқ әрекет нәтижесі, әрі ол оның (нәтиженің) неден болғанын да білмейді; оның үстіне мұндай нәтижені күтпейді. Нәтиже кейбір қауым үшін функционалды ("пайдалы"), кейбіреуі үшін дисфункционалды болуы мүмкін. Мұндай нақтылаулар Мертонға қоғамдағы дисфункционалды құбылыстарды, аномияны зерттеуге мүмкіндік берді. Аномия қоғамдағы әлеуметтік құрылымдардың қайшылығы мен зорлықка ұшырау нәтижесінде туады. Э.Дюркгейм сияқты Мертон да бұл тұжырымдамаға (аномия теориясына) өз үлесін қосты. Мертон эмпирикалық зерттеулермен әлеуметтанудың жалпы теориясын байланыстыратын орта деңгейдегі теорияның негізін калаушы.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Үлгі:Winners of the National Medal of Science
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.