From Wikipedia, the free encyclopedia
Штраус Рихард (11.6.1864, Мюнхен қаласы – 8.9. 1949, Гармиш-Партенкирхен) – неміс композиторы әрі дирижері.
Музыканттар отбасында туған. Композиция және теория бойынша Ф.В. Мейерден сабақ алған. Штраус Майнингем қаласындағы оркестр капелласында (1885), Мюнхен мен Веймар (1886 – 98), Берлин (1898 – 1918) және Венаның (1919 – 24) опера театрларында дирижерлік етті. Германиядағы фаш. төңкерістен кейін Берлин қ-ндағы Империялық музыка палатасының президенті (1933) болған, бірақ 1935 жылы бұл міндетінен босатылды. 1947 жылға дейін концерттік-дирижерлік қызмет атқарды; гастрольдік сапармен көптеген елдерде болды. Сахналық тырнақалды туындыларында ( мысалы, “Гунтрам” операсы, 1894; т.б.) Р.Вагнердің әсері байқалады. Кейіннен экспрессионизм мен жаңа классицизм ықпалында болған Штраус музыкада өз стилін қалыптастырды. Ш. 14 операның (“Саломея”, 1905; “Электра”, 1908; “Наксостегі Ариадна”, 1912), 4 симфонияның (“Альпі симфониясы”, 1915), “Италиядан” атты симф. фантазияның (1886), балеттердің (“Иосиф туралы аңыз”, 1914), 6 бағдарламалы симф. поэмалардың (“Дон Жуан”, 1888; “Макбет“, 1889 – 90; “Тиль Уленшпигель”, 1895; “Батырдың өмірі”, 1898), фантаст. вариациялардың (“Дон Кихот”, 1897), концерттердің, камералық аспаптық шығармалардың, хор мен әндердің авторы. А.Шопенгауэрмен Ф.Ницшенің философиясы Штраустың бірқатар музыка туындыларына (“Ажал мен айығу”, 1889; “Заратуштра осылай деген”, 1896) әсер етті. Ол Ф.Лист пен Г.Берлиоздың бағдарламалық симфонизмі дәстүрін, Вагнердің оркестрлік тәсілін және шығарм. принципін одан әрі дамытты. Штраустың симф. шығармалары бейнелі музыка тілімен әрі өткір бейнелеу тәсілімен ерекшеленеді. Штраус – опера және симф. дирижерлерінің аса көрнекті өкілдерінің бірі; Гейдельберг пен Мюнхен ун-тінің құрметті докт. (1902), Берлин қ-ндағы Өнер академиясының мүшесі (1909).[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.