From Wikipedia, the free encyclopedia
Рембрандт Харменсзун ван Рийн (нидер. Rembrandt Harmenszoon van Rijn [ˈrɛmbrɑnt ˈɦɑrmə(n)soːn vɑn ˈrɛin]; 15 шілде 1606 — 4 қазан 1669) — Голландия суретшісі әрі гравері. Ол Еуропа өнер тарихынадағы және голландия тарихындағы аса ірі тұлға, суретші және басылымшы болып саналады. Рембрандттың өнерге қосқан үлесі тарихта Голландия Алтын Дәуірі деген атпен белгілі болған тұспен сәйкес келеді.
Рембрандт | |
нидер. Rembrandt Harmenszoon van Rijn | |
Рембрандттың автопортреті (1661). | |
Туған кездегі есімі |
Рембрандт Харменсзун ван Рийн (Rembrandt Harmenszoon van Rijn) |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Лейден, Голландия |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Жанры | |
Өнер ағымы |
Голландия Алтын Дәуірі |
Атақты қолөнерлері |
Danaë, 1636 |
Рембрандт жастайынан портрет суретшісі болып, табысқа ерте қолы жеткенімен, оның кейінгі өмірі трагедия мен кедейлік зардабына толы болды. Дегенмен, оның қолынан шыққан суреттер көпшіліктің назарынан түспей, оның суретші деген атағын көзі тірісінде жерге түсірмеген. Сондықтан да, жиырма жылдай бойы Голландияның түгелге жуық суретшілері одан дәріс алған. Рембрандттың аса көрнекті туындыларының санатында оның өз замандастарының портреттері, автопортреттері және библияға салынған безендіру суреттері жатады. Өз өмірін аса таза да шынайы қарапайымдылықпен көрсете білген автопортреттері ерекше әрі мағыналы.
Рембрандт Харменсзон ван Рийн (Rembrandt Harmenszoon van Rijn, «Харменсзон ұлы») 1606 жылдың 15 шілдесінде Нидерландның Лейден қаласында, табысты жанұяда тоғызыншы болып дүниеге келген. Әкесі Хармен Герритсзон ван Рийн (Gerritszoon van Rijn ) диірменші болса, шешесі Нийлтген Вилемсдохтер ван Зуйтбрук (Neeltgen Willemsdochter van Zuytbrouck ) наубайшының қызы болған. Балалық шағында ол Лейден Унивеситеті жанындағы латын мектебіне барғанымен, сурет өнеріне қызығушылығы басым болып, ол Лейден тарихи суретшісі Йакоб ван Суаненбургқа шәкірттікке жазылады. 1629 жылы Рембрандт Оран ханзадасы Фредрик Хендриктің көмекшісі Константин Гюйгенстің (атақты голланд математигі әрі физигі Христиан Гюйгенсің әкесі) көзіне түседі. Сол арқылы Гаага сотына тапсырыстар алып, кейіннен осы таныстықтан соң. Хендрик ханзада Рембрандттың суреттерін алып тұрады.
1631 жылы Рембрандт Амстердам қаласына көшіп келеді. Сол жерде Саскиа ван Уйленберг-пен (Saskia van Uylenberg) бірге бас қосып, олардың төрт балалары болады. Өкінішке орай, олардың үшеуі ерте қайтыс болды. Саскиа өмірден өткен соң, ол өзінің көмекшісі Хендрикие Стоффелс-пен (Hendrickje Stoffels) өмір сүріп, одан Корнелия (Cornelia) есімді қызды болады. Ребмдрандт 1669 жылдың 4-қазанында, Амстердамда қайтыс болды.
Рембрандттың қолынан екі мыңнан астам туындылар жасалған. Олардың арасынды 4 метрге дейін үлкен Түнгі Күзет Амтердамдағы Рийксмузейм-дe көрмеде тұр.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.