From Wikipedia, the free encyclopedia
Рашид әд-Дин[1], Фазлаллах ибн Абу-ль-Хайр Хамадани (лақап аты ат-Табиб) (1247, Хамадан, — 18.7.1318, Тебриз) — иран тарихшысы және мемлекет қайраткері. Ол Хулагу әулетіне жататын Абаға хан тұсында (1265 — 82) қызметке араласқан. 1298 — 1317 ж. Иранды билеген моңғол хандары Ғазан хан мен Улжайту ханның уәзірі болды. Ғазан ханның реформасын жүзеге асырды. Медицина саласында да үлкен білімдарлық танытып, мемлекет қайраткері ретінде жан-жақты қабілеттілік көрсетті. Оның алым-салық саясаты елдің экономикасын қайта жандандыруға бағытталды. Уәзір болған кезінде ірі жер иеленушіге айналды. Он ұлы жер-жерде өз алдына билік құрды. РАШИД әд-ДИН діни ғұлама, энциклопедист, ғалым, дәрігер, ботаник әрі табиғаттанушы болды. Агро және құрылыс техникасы жөніндегі энциклопедия «Китаб-уль-ахи-уа-ль-асар» мен мұсылман (сүннит) теологиясы бойынша 4 трактат жазған. Оның еңбектерінің ішіндегі ең құндысы — 3 томнан тұратын бізге жетпеген тарихи деректер негізінде жазылған «Жамиғ ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»). Рашид әд-Дин. Абу-Саид Баіадүр хан тұсында биліктен тайдырылып (1317), кейіннен Улжайту ханға қастандық жасады деген желеумен өлім жазасына кесілді. Рашид әд-Диннің еңбектері ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.