- Райымбек Ноғайбайұлы 1938 жылы 2 наурызда Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
- 1955 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «актерлік» бөлімін бітірген.
- 1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қызыметке алынады. (Осы театрда жүріп: Н.Гогольдің «Үйленуінде» Кочкарев; Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» Адвокат; Қ.Мұхаммеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» Сұңғат; «Құдағи келіпті» Арыстан; Ш.Айтматовтың «Ана – жер-Анасында» Жайнақты; М.Байджиевтің «Жекпе-жегінде» Әзизді; М.Әцезовтың «Қарақыпшақ Қобыладысында» Бірсімбайды; У.Шекспирдің «Оттеллосында» Касиосын және «Асауға тұсауында» Люченцио сынды т.брөлдерді шебер сомдаған дарынды артист).
- Мәскеудегі театр иниститутының режиссерлік бөлімін бітірген.
- 1982 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Жастар мен балалар театрын басқарды.[1]
- Жастар театрындағы алғашқы алғашқы қойылымы Ә.Тауасаровтың «Ас а құрметті Икс» комедиясы. Кейін М.Әуезовтың 1954 жылы жазылып, бірақ жарыққа шықпаған «Алуа» драмасын сахналады. Осы еңбегі үшін 1984 жылы Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің бұйрығымен Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Сонымен қатар, Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысын», Ш.Мұртазаның «Қызыл жебесін» және Т.Рұсқұловтың бейнесін, «Сталинге хат», «Бесеудің хатын» сахнаға әкелген дарынды театр режиссері.
- 1995 жылы кіндік қаны тамған жері, түркі халқының рухани астанасы Түркістанға театр ашуды мақсат етті.
- 2000 жылы Райымбек Ноғайбайұлының бастамасымен Қазақстан театрларының қатырына ең жас Түркістан музыкалық драма театры қосылды.
- 2001 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан театрына барып «Көк түріктер» қойылымын тамашалады. «Райымбек Ноғайбайұлы негізін қалаған Түркістан театрының болашағы зор деп сенемін» деп елбасы бағасын берген.[2][3]
- Баласы: Азат Райымбекұлы Сейтметов – М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
- келіні: Данагүл Темірсұлтанова - М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8