Райт ағайындылар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Райт ағайныдылар (ағылш. Wilbur Wright (1867—1912) және ағылш. Orville Wright (1871—1948)) — адам тарихындағы ең алғашықы ұшқыштар болып саналады. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды.
Уилбер Райт | |
Wilbur Wright | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Миллвилл, Индиана, АҚШ |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Қызметі |
Ұшқыш, өнертапқыш, баспагер |
Әкесі |
Милтон Райт |
Анасы |
Сьюзен Кэтрин Коернер |
Марапаттары мен сыйлықтары |
АҚШ Конгресінің Алтын медалі, Вашингтон сыйлығы, Франклин медалі |
Қолтаңбасы | |
Орвилл жаңа заттарды құрастыруға құмар болатын. Ал бұл құлшыныс інісі екеуін жаңа жобаға итермелейді. 1889 жылы олар баспа құралын құрастырып, біраз уақыт күнделікті газетті баспадан шығарумен айналысады. Ал 1892 жылы велосипед моделін құрамдап, жеке дүкендерін ашады. Бұл өте сәтті бизнес болды және олардың әрі дизайнер, әрі инженер ретінде біліктілігін арттырды.
Жаңа ғасырдың басында ұшудың мүмкіндіктеріне қызығушылық пайда болады. Осылай ағайынды Райттар алғашқы механикалық ұшу аппаратын жасауға кірісіп кетеді. Олар жаңа құрылғының әрі қуатты, әрі жеңіл, әрі басқару жабдығының қарапайым болуына аса көп көңіл бөледі.
Тәжірибе орны ретінде Солтүстік Каролинаның Китти Хоук деген желді аймағы таңдалып алады. Басты себеп желдің ұшақ текті құрылғыға демеу болуы еді.